2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Астананың өнеркәсіптік кешені 1,3 трлн теңгенің өнімін өндіріп, нақты көлем индексі 116,5% құрады. Өсімнің негізгі қозғаушы күші – өңдеу өнеркәсібі. Оның үлесіне 1,2 трлн теңге өнім тиесілі.
Өсімнің басты өзегі ретінде №1 Индустриялық парк өз рөлін сақтап отыр. Биыл мұнда жалпы құны 139,8 млрд теңгені құрайтын 28 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Соның нәтижесінде шамамен 600 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Өндірісті жаңғыртудың жарқын мысалдарының бірі – «Автокомпоненттер KZ» ЖШС. Кәсіпорын былтырдан бері жылына 400 бірлік арнайы және өрт сөндіру техникасын шығаратын жобалық қуатына жетті.
Сонымен қатар Астана «ақылды қала» тұжырымдамасы аясында технологиялық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді.
Presight халықаралық компаниясымен серіктестікте Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған деректерді өңдеу орталығы іске қосылды;
Дата-орталық қалалық ахуалдық орталықтың, интеллектуалды бейнеаналитика жүйелерінің және қалалық ортаны басқаруға арналған озық ЖИ-платформаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.














