ИНВЕСТОРЛАР НАЗАРЫНДА

ИНВЕСТОРЛАР НАЗАРЫНДА

Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Инвесторлар тарту барысында облыстың шетелдермен ынтымақтастық байланысы да артуда.

Облыс орталығына Қытайдан арнайы делегация келіп, екі күндік іссапарда болды. Олар өңірдегі өндірістік және индустриалдық аймақтарды аралап көрді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров олармен іскерлік кездесу өткізді, келіссөздер жүргізді. Логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелері талқыланды. Инвесторлар жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді. Облыс басшысы іскерлік байланыстағы қонақтарды өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен таныстырып, екіжақты тиімді байланыс орнатуға дайын екенін айтты. Әкімдік тарапынан барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді.

– Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Өңіріміз тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін логистикалық торап ретінде қалыптасуға толық әлеуеті бар. Бұл ретте авиациялық жүк тасымалын дамыту, әуежай аумағында техникалық қызмет көрсету орталықтарын орналастыру, тұрақты халықаралық жүк бағыттарын ашу, өңірде заманауи логистикалық парктер құру, жүк сақтау, сұрыптау, тарату және қайта өңдеу бағытындағы инфрақұрылымды қамтитын кешенді бірлесіп дамытуға дайынбыз. Бұдан бөлек, бірлескен индустриалды аймақты құру екіжақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тиімді екенін атап өткен жөн. Бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, іскерлік серіктестік құруға, ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастық орнатуға әзірміз, – деді Нұралхан Оралбайұлы. 

Қытайлық делегация Түркістан қаласында құрылысы жүріп жатқан мақта зауытында болып, оның жоспарымен танысты. Оларға сондай-ақ Сауран ауданының Ораңғай ауылындағы арнайы экономикалық аймақтың жұмысы таныстырылды. Инвесторларға «Turan» арнайы экономикалық аймағының, өңірдегі инвестициялық алаңдардың қолдаулары туралы мағлұмат берілді. Кездесуден кейін делегация Түркістан қаласына экскурсия жасады.

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
08.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13914
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13867
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29000
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27658
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31171