«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы талқыланды

«Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасы талқыланды
Өткен жұма күні аудан әкімдігінде аудан прокурорының орынбасары Д. Кемелханның төрағалығымен аудандағы инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мекемеаралық мәжіліс өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов, аудандағы мекеме, кәсіпорындардың басшылары және аудан аумағындағы инвесторлар қатысты.
Жиынның күн тәртібінде «Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жобасын енгізу және аудан аумағындағы инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов «Сарысу ауданындағы инвесторлар туралы» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде инвестициялық жобаларды қолдау бойынша ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура әзірлеген «Прокурорлық сүзгі» жобасы ұсынылғандығын, жобаға сәйкес, инвесторларға қатысты шектеу және тиым салу шаралары бойынша прокуратурамен келісу керектігіне, сондай-ақ, аудандағы атқарылып жатқан ивестициялық жобаларға, инвестициялық ахуалға және аудан инвесторларына жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау шаралары тұрақты бақылауда болатындығына тоқталды.
Бұдан кейін, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Сарысу ауданындағы филиалының директоры Шыңғыс Абдрахманов аталмыш жоба бойынша пікір білдіріп, атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты өз ұсынысын жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан прокурорының орынбасары Д. Кемелхан қабылданған шаралар өңірдегі инвестициялық қызметтің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етудің маңызды құралына айналатынын атап өтіп, бірқатар тиісті тапсырмалар берді
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
29.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5121
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20078
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18723
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22181