ІССАПАР

ІССАПАР
Бұған дейін Тұрар Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылының тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отырғандарын айтқан болатын. Сапар барысында таза ауыз суға мұқтаж екенін көрдім.
Аудан әкімдігі “Жігер-2004” серіктестігімен сапалы су тарту бойынша 2020 жылы наурызда шарт жасасады. Жұмысты желтоқсан айында қабылдап алған.
Жобаға сәйкес тереңдік 200 метр болуы қажет. Алайда, бейне каратаж нәтижесіне сәйкес 1-ші ұңғыма – 159 м, 2-ші ұңғыма – 171 м болып шыққан. Салдарынан су шықпайды.
Ауылдағы ауыз су мәселесіне сұрау салып, былтыр Мәжіліс қабырғасында көтерген едім. Содан кейін су жүйесін тарту жұмыстарына қайта қан жүгіре бастаған болатын.
Биыл көктемде жұмысына қайтара кіріскен "Жігер 2004" серіктестігі 200 метр тереңдікке скважина қазған. Бірақ бұрғылау жұмыстарынан кейін тамшы да тамбаған. Өйткені қанша терең қылып қазса да су қорында су жоқ.
Енді аудандағы жауаптылар су шығарудың басқа жолын қарастырып жатыр екен.
Демек бұл ақша ауаға кетті деген сөз. Серіктестіктің де еңбегі еш кетті. Бұрғылағанмен бұлақ жоқ деген сөз. Мемлекеттің қаржысы желге ұшты.
Мен бұл жердегі басты қателік - жобалау жұмысының жүрдім-бардым жасалуында деп білемін. Яғни әу баста жобалық сметалық құжаттама (ПСД) дұрыс жасалмаған. Оны ат үсті жасаған адамдарды жауапқа тарту керек. Жұмысты созбалаңға салмай, сол 2020 жылы аяқтау керек еді.
Ал сол скважина қазушы серіктестіктің кепілдік уақыты аяқталуға жақын. Ертең мердігер "менің мерзімім аяқталды" деп ол кетеді. Содан ауыз су көзін табу жұмысы аяқсыз қалады. Бұл жауапсыздық, жобалау қателігі қашанғы қайталанады?
Мұндай жұмыстар республикамыздың біраз аймағы, аудан, ауылдарында болып жатыр. Сондықтан салғырт қарамай, тиісті орындар соңына дейін бақылауына алу керек. Кінәлі тарап жазаланып, сабақ алмаса қателік қайталана береді.
Все реакци
 
Guldara Nurumova
11.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 84
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 193
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 993

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8467
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673