КАРТОП ӨНІМІ КӨҢІЛ КӨНШІТЕДІ

КАРТОП ӨНІМІ КӨҢІЛ КӨНШІТЕДІ

Биыл құрғақшылықтың салдарынан шаруалар егін алқаптарын ерте
жинауға кіріскен. Ризығын жерден айырған кәсіп иелері ауа райының
қолайсыздығына қарамастан, төккен тер текке кетпес үшін игілік
жасауға барын салуда.
Шаруалардың бүгінгі қарекеті қандай, өнім өндіруде қандай
қиындықтар кездесіп жатқанын білу мақсатында аудан әкімінің
орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы мен аудан әкімінің кеңесшісі
Аманалы Құрбанов жақында Ақбастау ауылдық округі аумағындағы
«Шарипов» шаруа қожалығының картоп алқабында болып қайтты.
80 гектар жерге картоп еккен қожалық бүгінде алқаптың жартысын
жинап, оны «Ауыл береке» базарына, қоймаларға және Шымкент
қаласына тасымалдауға кіріскен. Мұнда 260-қа жуық адам өнімді теріп,
қаптау үстінде. Жұмысшыларға күнделікті ақысы да төленуде. Қажетті
техниканың бәрі бар.

Алқап басындағы жұмыс барысы туралы айтқан бригадир:
«Шаруашылықтың жұмысын тиімді жүргізіп, егістіктен мол өнім алу
үшін ең алдымен ауызбіршілік пен адал еңбек керек», – деді.
Алқаптағы ақ қардай болып қапталған картопқа қарасаң,
көз сүйсінеді. Осы орайда біз аудан әкімінің орынбасары Ерлан
Қыдыралыұлын сөзге тартқанымызда:
– Судың тапшылығына байланысты қиындықтар туындауда.
Дегенмен, бұл шаруашылық суды үнемдеу технологиясы бойынша
тамшылатып суару әдісін пайдаланып, мол өнімге қол жеткізіп отыр.
Бүгінгі таңда біз басқа да ылғалды көп қажет ететін дақылдарға су
жеткізу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Жалпы, аудан бойынша
5800 гектар жерге картоп орналасқан. Одан бөлек 8882 гектар көкөніс
дақылдары бар. Мына алқапқа ерте пісетін картоп тұқымы егілген.
Судың тапшылығынан өнімді 1-2 апта ерте жинауға тура келіп тұр. Бұл
жұмыс екі аптада аяқталмақ, – деді ол бізбен әңгімесінде.

Жамбыл баспасөз орталығы

Ұқсас жаңалықтар

ХАЛЫҚ ӨТІНІШІНЕ ҚҰЛАҚ АССАҚ...
Жасұлан Сейілхан, Жамбыл облысы - 19.05.2022 72

Топ жаңалықтар

1
Жаңа Қазақстан Назарбаев пұтын құлатудан басталуы тиіс!
Show more
АМАНТАЙ ТОЙШЫБАЙҰЛЫ - 2022-05-19 57
2
Қарағанды облысында 13 мыңға жуық бала мемлекеттік тапсырыс бойынша спорт секцияларына қатысады
Show more
Жомарт Шаймұрат - 2022-05-19 55
3
Тарихи кезеңдегі үшінші референдум ұлт тағдырын шеше ме?
Show more
Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ - 2022-05-19 60
4
Ахаңның төте жазуы
Show more
Жайлаухан АЙСАУЛЕ, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылының кітапханашысы - 2022-05-19 65
5
Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен кездесті
Show more
Жомарт Шаймұрат - 2022-05-19 81