КӘСІПКЕР 43 ҮЙГЕ АУЫЗ СУ ТАРТЫП БЕРДІ!

КӘСІПКЕР 43 ҮЙГЕ АУЫЗ СУ ТАРТЫП БЕРДІ!

 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы, ТАТАН ауылының тумасы — меценат АЙДОС АҚШОНТАЕВ жерлестеріне тамаша тарту жасады. ҚАРАҒАШ елді мекеніндегі 43 үйге өз қаражаты есебінен ауыз су тартып берді.

Былтыр ҚАРАҒАШ ауылының мектебінің 100 жылдық іс-шарасында елді мекенінің тұрғындары талай жылдан шешілмей келе жатқан ауыз су мәселесін көтерген еді. Сол кезде меценат тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге уәде берген екен. «Уәде серт болар» демекші, атымтай жомарт азамат АЙДОС ЖӘЗИТҰЛЫ мен МАДИЯР СӘРСЕНҰЛЫ екеуі берген уәдесін ұмытпай осы жылдың мамыр-маусым айларында өз қаражатына су желілерін тартып, әр үйге кіргізіп берді.

Бүгінде ауыл халқы осындай игі іс-шараны жасап берген АЙДОСТАЙ азаматқа алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беруде.

АЙДОС ЖӘЗИТҰЛЫ - Қарағанды облысы бойынша «ҚАЗАҚ» күресінен вице-президенті, белгілі саңылақ спортшы, қазақ, самбо, дзюдо күресінен спорт шебері. Кезінде облыстық, республикалық жарыстарда ел намысын қорғаған апайтөс палуан.

Бүгінде кәсіпкер, меценат АЙДОС ЖӘЗИТҰЛЫ өңірдің спорттық іс-шараларға, әлеуметтік шараларға үнемі демеушілік танытып, қайырымдылық жасап жүретін, қолы ашық, жомарт жан.

2020 жылы туған жері ТАТАН ауылына ақ мешіт салып берсе, жылда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, отын-көмір және «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясына үнемі қатысып оқу-құралдармен қамтамасыз етіп отырады. АЙДОС ЖӘЗИТҰЛЫ – еңбегімен елінің алғысын алған, сөзімен сананы серпілткен, ісімен үлгі болған асыл ер. Кәсіпер, мецанат жанға отбасына амандық, кәсібіне береке тілейміз!

 

#АУЫЛ_ЕЛДІҢ_АЛТЫН_БЕСІГІ!

#ЕҢБЕК_АДАМЫ!

#ТАЗА_АУЫЗ_СУ!

#ЖОМАРТ_ЖАН!

#ЖАНЫҢДА_ЖҮР_ЖАҚСЫ_АДАМ!

#МЕНІҢ_ҚАРҚАРАЛЫМ!

 

09.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17411
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17252
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32434
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31024
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 34674