Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жамбыл бизнес» жеңілдетілген несиелеу жобасы іске қосылады

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Жамбыл бизнес» жеңілдетілген несиелеу жобасы іске қосылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте кәсіпкерлікті дамыту жоспарлары мен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту шаралары кеңінен талқыланды.

Айта кетейік, Жамбыл облысы өнеркәсіп саласында шетелдік инвесторларды тарту бойынша өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар арасында 5-ші орында.

Қазіргі таңда өңірімізде инвестициялық жобалардың пулы анықталып, өзекті мәселелерді шешу жөнінде іс-қимылдар алгоритмі бекітілген.

Сондай-ақ, аудан әкімдерінің қатысуымен арнайы семинарлар ұйымдастырылып, инвестицияларды басқарудың жаңа тәсілдері талқылануда. Жалпы, әр аудан бойынша бір форматта инвестициалық карта әзірленді.

Бүгінгі таңда инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу мақсатында аймақтағы 3 ауданда субаймақ құру бойынша тиісті жұмыстар жүруде.

Ұлттық жоба аясында субсидиялау және кепілдендіру берілетін құралдарына қаржы көлемін 2 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аталған қолдау аясында 1500-ден астам жаңа жобаларға 33 млрд.теңгеге жуық несиеге қол жеткізу мүмкіндігі туады деп күтілуде.

Аймақ басшысының кәсіпкерлікті қолдау, өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында несиелендірудің жаңа бағдарламасын әзірлеу бойынша берген тапсырмасына сәйкес,  «Даму» АҚ қоғамымен бірлесіп, «Жамбыл бизнес» несиелендіру жобасы дайындалды. Жаңа жоба аясында 2 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұдан бөлек, балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 500 млн. теңге қаражат бөлуді көздеп отыр.

Бұл ретте түрлі әкімшілік кедергілерді жою үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу ұсынылады. Өз кезегінде бұл қадам бизнес өкілдеріне барлық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік береді.

Жиында облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыров облыста шағын және орта бизнесті дамыту мен инвесторларды ынталандыру жөнінде баяндады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев пен бірқатар аудан әкімдерінің есептері тыңдалды.

Басқосу соңында Ербол Қарашөкеев аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына инвестиция тарту үдерісін өрістетуді, оның ішінде іске асырылмаған ірі жобалар бойынша іс-шараларды жандандыру қажеттігін ескертті.

- Өткен жылы инвестиция тарту көрсеткіштері бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдері үшін жаңа KPI енгізілді. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысымен бұл бойынша алғашқы нәтижелер қаралады. Әйтпесе, сіздер жыл соңына дейін жұмыс жүргізілуде, мәселе қарастырылуда деп құтыласыздар. Ол кезде ешқандай сылтау қабылданбайды. Әсіресе,  субаймақтарды құру мәселелері – ерекше бақылауда болады.

Инвесторлар бізді өздері іздеп келмейтінін естен шығармау керек. Бұл үшін әрбір басшы әлеуетті инвесторларды іздеп, ауданның мүмкіндіктерін зерделеу және оларға тартымды жобалар ұсыну қажет. Сондай-ақ шетелдік компаниялармен жергілікті кәсіпорындардың ынтымақтастығын орнату маңызды, - деп түйіндеді облыс әкімі.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 85
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 605
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 722
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 634
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 644

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8782
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8181
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11410
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9164
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10394