Кәсіпорында құзіреттілік орталығы ашылды

Кәсіпорында құзіреттілік орталығы ашылды
Өткен аптада «Қазфосфат» «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені ЖШС-мен әлеуметтік серіктестікті дамыту жөнінде 2-жақты меморандум жасалып, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өндіріс орнының «ТБжЗЖ» зертханалық бөлімінде Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің химия және техника саласы бойынша құзіреттілік орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына «Қазфосфат», «Шолақтау» ТКӨК ЖШС-нің директоры Құдиярбек Омаров, «Amanat» партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы Докторбек Мәселбеков, аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров, «Фортис Констракшн» ЖШС-нің техникалық директоры, колледждің индустриалдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Байболов, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Нұрсұлтан Манатбеков сонымен қатар, колледж әкімшілігі мен педагогтар құрамы қатысты.
Салтанатты рәсім барысында Докторбек Манатбекұлы «Жұмысшы мамандықтар жылына» байланысты арнайы сұхбат беріп, Мемлекет басшысының колледжбен кәсіпорын арасындағы байланысты нығайту жөніндегі тапсырмасына тоқталды.. Өз кезегінде Құдиярбек Омаров Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің кәсіпорын тарихымен екі-жақты байланысына тоқтала келе, «химиялық және техникалық сала» бағытында ашылып отырған құзіреттілік орталығы- студенттердің кәсіптік тәжірибеден де тыс уақытта машықтануларына, зертханадағы бай техникалық оқулықтарды пайдалануларына мекеме тарапынан жасалып отырған қамқорлық екенін айта келе, алдағы уақытта да осындай бірлесе жасалатын іс-шаралар жалғасын таба беретініне сенім білдірді.
Сондай-ақ, Ауданбек Тауасаров ауданымызға келіп жатқан инвесторлар туралы мәлімет бере келе, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «инвестор-кәсіпкерлер бөлімі-колледж» арасында үлкен байланыстар орнатуға ықпал ететінін айтты.
Шара соңында қатысушылар жаңа ашылған нысанның және кәсіпорынның басқа да цехтарында зертхана қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасап жатқан студенттердің талаптарын байқап, әңгімеге тартты.
Алмас Ильясов, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
13.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АКИМ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ТУРКЕСТАНА
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 61
Талай өнер майталмандарының тұсауын кескен
Жетпісбай БЕКБОЛАТҰЛЫ, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері - 13.03.2025 19
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРОМ ИЗ ГЕРМАНИИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 62

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2080
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2315
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17204
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15930
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19298