Кәсіпқой бокс: Қазақстандықтар АҚШ-та ешкімге дес бермеді

Кәсіпқой бокс:   Қазақстандықтар АҚШ-та ешкімге дес бермеді

АҚШ-тың  Миннеаполис қаласында өткен бокс кешінде төрт қазақстандық боксшы өнер көрсетті. Олар – Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО), Евгений Павлов (6-0, 4 КО), Абылайхан Жүсіпов (1-0, 0 КО) және Әбілхан Аманқұл.  

*Бек Нұрмағанбет америкалық ХайнеллУилермен (7-1, 6 КО) кездесті. Суперорта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа есептелгенмен, Бек қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, осымен кәсіпқой бокстағы кездесуін жетінші рет мерзімінен бұрын аяқтады. Нұрмағанбет – кәсіпқой бокста WBA International чемпионы.

*Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидомен (2-2, 1 КО) айқас өткізді. Кездесу алты раундқа жоспарланған еді. Бірақ, Павлов қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті өз пайдасына шешті. Павлов та WBA International чемпионы (екінші жеңіл салмақтағы). 

*Абылайхан Жүсіпов кәсіби мансабындағы екінші айқасында тәжірибелі мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта төрт раундтық форматта өтті. Абылайхан қарсыласын бірінші раундта-ақ шаршы алаң төріне сұлатып түсірді. Жүсіпов әуесқой бокста екі рет Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ үш рет әлем чемпионатының «қоласын» жеңіп алған. 

*Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі дебюттік айқасын америкалық боксшы Девонте Макдональдқа қарсы (1-0, 1 КО) өткізді. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған еді. Аманқұл жекпе-жек нүктесін үшінші раундта қойып, қарсыласын нокаутпен жеңді. Әбілхан әуесқой бокста үш рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алған, сондай-ақ әлем чемпионатында «күміс» жүлдеге ие болған.

 

 

Ермек Сахариев
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 18
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 27
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 38

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1010
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7058
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10904
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7127
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7269