“Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды

“Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды

Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша төрт командамыз үздік ондықта!
“Мұнараға шабуыл” атты төртінші кезеңде біздің екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: “Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды.


109 команда арасында бесінші орында “Kazakhstan А” құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан “Tomiris” қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр. “Kazakhstan С” - ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында “Kazakhstan А” сенімді тұр. “Kazakhstan В” мен “Tomiris” турнир кестесінің 12 және 13 орнында.


Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең, бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.
Құрамаларымыздың елімізге “Арнайы жасақ олимпиадасы” жүлделерімен оралуын тілейміз. Алға, Қазақстан!

 

 

11.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23373
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23038
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39157
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36563
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40672