КЕҢЕС

КЕҢЕС
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Жер қатынастарын реттеу бағытындағы мәселелер және саланы дамытудың 2024 жылға арналған жоспары туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Ұзақбеков хабарлама жасады.
Ауданның барлық жер көлемі 3 136 094 гектардың құрайды. Оың ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 639126,98 гектар, елді мекен жерлері 182470 гектар. Ауыл шаруашылығы жерлерінің ішінде егістік жерлер 24913,8537 гектар, жайылымдық жерлер 532310,4820 гектар, шабындық жерлер 34323,24 гектар. Елді мекен жерлеріне 2021-2023 жылдары 110000 гектар жер қосылды. Барлық қала және ауылдық округтер бойынша жайылымды пайдалану схемасы мен жоспары дайындалған. Аудан бойынша жер қайтару жоспары 14,0 мың болып отыр. Бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Қала ішіндегі кәсіпкерлік мақсатында берілген жерлерге мониторинг жүргізіліп, пайдалылмаған 38 жер көлемі 12,0 гектар анықталып, шара қолдну үшін облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды. Сондай-ақ, қалада тағы 6 жер учаскесі, ауыл шаруашылығынан 10 участок тексеруге жіберілді. Инвесторларды жермен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін тауып отыр. «Ауыл аманаты» жобасына енген кооперативтерге жерлерді конкурспен беру ұйымдастырылуда.
Күн тәртібінде «Еңбек нарығын сұранысқа ие мамандармен қамтамасыз ету және жұмыссыздық мәселесін шешу туралы» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудандық «Мансап» орталығының бөлімше басшысы А. Назарбеков баяндады.
Биылғы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету жоспары 60 адам, жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту 15 адам. «ENBEK.KZ» платформасы арқылы онлайн оқытудың жоспары 155 адам, жолданғаны 68. Биыл жұмыссыздықты азайту мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ай сайын өткізілетін болады. 25 қаңтар күні өткен жәрмеңкеде 64 бос жұмыс орындары ұсынылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Биылғы жылға тұрақты жұмыстың жоспары 1695 адам, қазіргі таңда жолданғаны 108 адам. Қазіргі таңда 64 бос жұмыс орындары бар. Оның ішінде, білім саласында 32, транспорт саласында 5, энергетика саласында 5, өзге де салаларда 22. Сондай-ақ, алғашқы жұмыс орындарына 100 адам, ұрпақтар келісім шартына 2 адам, күміс жас жобасы бойынша 125 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам, жастар практикасына 150 адам, қоғамдық жұмыстарға 600 адам тартылатын болады. «Бастау бизнес» жобасы бойынша 627 адам оқыту, мемлекеттік грант беруге 70 адам, жастарға жеңілдетілген 2,5 пайызбен шағын несие беруге 39 адам жоспарланған.
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды.
"Қамқалы, Досбол ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар және 2024 жылға жоспарлары туралы» Қамқалы және Досбол ауылдық округтерінің әкімдері хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
05.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 212
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 208
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 713
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 836
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 750

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8907
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8301
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11529
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9285
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10513