Кеткен кемшіліктер көп ұзамай қалыпқа келтірілуі тиіс

Кеткен кемшіліктер көп ұзамай қалыпқа келтірілуі тиіс

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орындалуы бойынша Жамбыл ауданындағы әлеуметтік нысандарға партиялық бақылау жүргізді.

Комиссия мүшелері алдымен Шайқорық ауылында жүргізіліп жатқан 45 келушіге арналған амбулатория құрылысымен танысты.

Құрылысы ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басталған медициналық мекемені мердігер «ПМК-109» ЖШС салуда. Бес мыңға жуық түтіні бар ауылдан бой көтеріп жатқан амбулатория құрылысына бюджеттен 272 миллион теңге бөлініпті. Мердігер компания қазіргі таңда өздеріне тапсырылған жұмысты уақытылы орындай алмай келеді. Себебі, ондағы жұмыс жоспардан 15 күнге кешігуде.

Сондай-ақ, жұмыс барысында бірқатар олқылықтарға жол берген. Атап айтқанда, нысанның шатырын толық жаппай тұрып ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізген. Салдарынан жаңбыр суы ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын бүлдірген. Комиссия мүшелері бұдан өзге жылу жүйелерінің де дұрыс орнатылмағанына көз жеткізді.

Топ мүшелері «ПМК-109» ЖШС-нің басшылығына апта соңына дейін нысанның шатырын толық жабу туралы ұсыныс білдірді. Сонымен қатар оларға кеткен кемшіліктерді нысан пайдалануға берілгенге дейін қалпына келтіру қажеттігін ескертті.

Келесі кезекте комиссия Қаракемер ауылында бой көтеріп жатқан әмбебап спорт кешенінің құрылысына партиялық бақылау жүргізді. Өткен жылдан биылдыққа өтпелі бұл нысанның құрылысын «ЕрНұрЖан Құрвылыс-2010» ЖШС-і жүргізуде. Бұл спорт кешенге бюджеттен 219 миллион теңге бөлінген. Серіктестік мұндағы құрылысты ағымдағы жылдың 30-шы қарашасына дейін аяқтау тиіс.

Комиссия мүшелері аталған спорт кешені мен Төле би атындағы орта мектепке ортақ жылыту қазандығы қарастырылғанын анықтап, қыс болмай мәселені дұрыс шешу қажеттігін көтерді. Себебі, екі нысанға ортақ сорғының күші есептелмеген. Сондай-ақ, қосымша қатты отын да алынбаған. Сондықтан комиссия ауданның жауапты өкілдеріне аталмыш мәселелерін тиімді шешу жолдарын қарастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Айта кетейік, бұл нысан да аяқталғанға дейін партия бақылауында болады.

#AMANAT #JambylAmanat
10.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 88
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 283
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 904

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8376
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586