Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Мамытов ауданымызда жел және күн көздерінен энергия өндіретін стансалар салып жатқан қытайлық инвесторлардың өкілі Чжанг Лянг мырзамен кездесті.
Жел электр станциясының бас инженері Чжанг Лянг мырза атқарылып жатқан жұмыстардың барысын айтып өтті.
Осыған дейін, Жаңаарық ауылдық аймағына қарасты Ұ. Сыздықбайұлы ауылының тұрғындарынан жел электр станциясының қондырғыларын орнатуға байланысты наразылықтар туындаған болатын. Себебі, қондырғыларды (трубина) орнату барысындағы жарылыстар ауылдарға үйлерге әсер еткен.
Инвесторлар кейбір зақымданған үйлерге қаржылай қолдау көрсететіндігін айтып отыр.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Сәкен Үмбетұлы ауыл тұрғындарымен кездескендігін, ауданға салынып жатқан инвестициялық жобаның аудан үшін маңыздылығы жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының жүргізілгендігін айтты.
Сонымен қатар, кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында инвесторлар тарапынан ауыл келбетін жақсартуға демеушілік танытып, ауыл тұрғындарына қажетті әлеуметтік нысан салуға қолдау көрсету жөнінде айтылды.