КИІЗ ҮЙ — ҰЛТТЫҚ БРЕНДІМІЗ

КИІЗ ҮЙ — ҰЛТТЫҚ БРЕНДІМІЗ
 

Біз жайында ұлттық қолөнер туындыларын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында жайылған көрмелерден көріп, «бізде мынандай да ою-өрнектер бар екен ғой» деп таңданып жатамыз. Ал киіз үй мен оның жабдықталуы да сан алуан болып келеді. Былайғы жұрт оның жасалу жолына аса бас қатыра бермесі анық. Бірақ түсінген, өнерді бағалай білген адамға, әрбір қолөнер туындысы қайталанбас шедевр.

– Наурыз мерекесін алғаш тойлаған жылдары біз киіз үй таппай қатты қиналдық. Малшы ауылдардан жабдығы әбден көнерген, киіздері тозған киіз үйлерді жинап әкеліп, кем-кетігін түгендеп, құрып та жүрдік. Сол кезде-ақ маған неге киіз үй жасамасқа деген ой келген. Уақыт өте келе осы ойымды жүзеге асыратын сәт туған еді, – дейді кәсіпкер.

Туғанай Жолақованың негізгі мамандығы құрылысшы. 1980 жылы Алматы политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған ол еңбек жолын жолдасы Мағауия Жолақовпен бірге Целиноград қаласында теміржол құрылыс монтаждау мекемесінде құрылысшы болып бастапты. Кейін жолдасының туған жері Таразға көшіп келіп теміржол саласында мамандықтары бойынша бірге жұмыс істейді.

«1991 жылы қысқартуға түстік. Қарап отырамыз ба, әріптестерімізбен бірлесе отырып «Дамай» атты фирма құрып, жиһаз жасадық. Жұмысымыз бастапқыда жақсы жүрді. Жиһазға қажетті ағаштарды тапсырыспен Ресейден алдыртып отырдық. Бір жолғы тапсырысымыз өртке оранып, шығынға батып, фирмамыз жабылып қалды. Осыдан кейін өзімнің жеке кәсібімді ашуға бел будым. Жаңа кәсіпті неден бастасам деп жүргенде «Ақ отау» ұлттық киім тігу цехын ашқан Қалбибі Махажанова мен Күләш Назарбекова апаларым алдымнан ұшырасып қалып, өздерінікідей кәсіппен айналысуға үгіттеді. Аяқтан тұрып кеткенше тігін машиналарын алып беріп, жол көрсетті. Фирмамның атын «Би-Даулет» деп қойған да сол кәсілер. Апалық қамқорлықтарымен «Билі әрі дәулетті бол» дегендері еді. Кейін ол кісілер мемлекеттік қызметке араласып, фирмалары жабылып қалды. Ал мен өзім бастаған сүйікті ісімді жалғастыра бердім», деді. Туғанай апаның іскерлігі жасаған әрбір жұмысынан көрініп тұр. Оның қолынан шыққан дүниелер, ою-өрнектер көргеннен-ақ көз тартып, баурап әкетеді.

– Бірде біздің жұмыспен танысу үшін цехқа бұрынғы облыс әкімі Амалбек Тшанов келді. Ол кезде қарамағымда 60 адам жұмыс істейтін. Цех орналасқан ғимарат шағын болатын. Біздің жұмыспен танысқан соң ол жұмысыңды кеңейт деп қазіргі ғимаратымызды алып берді. Содан бері осындамыз. Тараз қаласының 2000 жылдық тойы өтеді дегеннен бастап тойға 5 жыл дайындалдық. Сөйтіп сақ-ғұн мәдениетінен бастап бүгінге дейінгі кезеңдерді қамтитын қазақтың киім үлгісі мен қолөнерін, «Жібек жолы» композициясын, сахнаның әрлеу жұмыстарын ұлттық ою-өрнекпен алып шықтық. Осылайша он жыл төккен тер бір күнде ақталып, еңбегімнің жемісін Тараздың екі мың жылдық тойында көргенім бар еді, – деді ол.

Еңбектің ақталғаны жақсы. Алған бетінен қайтпайтын ол өз мақсатына жету үшін талаптана түседі. Қайда жүрсе де оның ойынан киіз үй жасау шықпай қояды. «Әкем Қазтайдың айтатыны болушы еді: «Өзің не істейтініңді білмесең, оны кімнен талап етесің. Талап ету үшін де әуелі оны өзің білуің керек» деп отыратын. Сонымен мені арманым Қырғыз еліне алып барды. Қырғыз Республикасының Қытаймен шектесетін тұсында Бақалы деген жер бар екен. Онда апаратын жолдың азабын айтып жеткізу мүмкін емес. Өзі бір таудың түкпірінде қалған, өркениеттен алыс
жатқан елді мекен болып шықты. Онда үй жасауға қажетті «Сәмбі» талы өседі. Өзі жіп-жіңішке, оқтай түп-түзу. Биіктігі төрт метр. Жергілікті тұрғындар соны пайдаланады екен киіз үй жабдығына. Сонда бір ай жатып, киіз үй жасау технологиясын меңгердім. Әрі қажетті материалды сол жерден жинауға кірістім. Сөйтіп қайтарымда бір жүк көлігіне материалды тиеп алып келдім», деп алғашқы шикізатты қайдан жеткізгенімен бөлісті.

Елге келген соң 6 және е 16-ы қанатты киіз үйлер жасап, ою-өрнекпен жабдықтап, сатылымға шығарған. Қырғыз мемлекетінен ағаштарды үш рет жеткізіпті. Қазір шикізаты таусылып, бұл цехтың жұмысы уақытша тоқтаған. «үйге қажетті ағашты өзімізде де өсірсек болар еді. Оған 2007 жылдан бері жер сұрап келемін. Әлі күнге өтінішім қанағаттандырылмады. Осы күйінде қалып кете ме деп қорқамын. Жалпы киіз үйге қажетті ағаштан бастап, жіпке дейін шетелден тасымалданады. Бізде киіз басуға пайдаланылатын қой да өсірілмейтін болып шықты. Оған шаруашылықтарды аралап, жүн іздегенде көзім жетті. Әйтпесе киіз басу цехын да ашқым келген», деді.

Кәсіпкер қазіргі таңда тапсырыспен ер және әйелдерге, қыз-келіншектерге арнап қысқа шапан, камзол тігіп, жағаларын, жеңдері мен етектерін ұлттық ою-өрнекпен әрлеп тігуде. Бүгінде Наурыз мерекесі мен күнделікті киіп жүруге ыңғайлы ерлер мен әйелдерге арналған плащтар сатылымға шығарған. Кәсіпкер алдағы уақыттаҚырғыз елінен ағаш жеткізіп, киіз жасауға қайта кіріспек ниетте.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ, АҚ ЖОЛ ГАЗЕТІ
22.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 86
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 94
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 191
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 329
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 555
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 501

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9205
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8602
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11829
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9599
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10813