Кинотану саласындағы үздік жұмыстар анықталды

Кинотану саласындағы үздік жұмыстар анықталды

XI Baiqonyr Film Festival аясындағы Кинотанушылар форумында 2026 жылғы кинотану саласындағы үздік жұмыстар мен осы салаға үлес қосқан маман аталды. Форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді.

Кинотанушылар форумы аясындағы бұл сыйлықтарды арнайы қазылар алқасы емес, форум ұйымдастырушылары анықтайды. Марапаттың мақсаты – киноны зерттеу, талдау және сын саласында еңбек етіп жүрген мамандардың жұмысын назарға алып, кәсіби ортаның дамуына қолдау көрсету.

2026 жылы «Кинотану саласындағы үздік жұмыс» номинациясының студенттік жұмыс санатында Таңсамал Бергеннің «Инклюзия идеясы мен адам құндылығы («Ерекше» фильміне талдау)» атты жұмысы атап өтілді.

Телебағдарлама санатында Молдияр Ергебековтің «Киноталқы» бағдарламасы үздік деп танылды.

Мақала санатында Еңлік Егеубаеваның «Қайтсе кино тарихты сөйлете алады? «Қаш» фильміндегі мәдени травманың іздері» атты мақаласы марапатқа ие болды.

Ал «Кинотану саласына қосқан үлесі үшін» арнайы марапаты кинотанушы әрі кино сыншысы Инна Смаиловаға берілді.

Кинотанушылар форумы төрағасы Ержан Жұмабековтің айтуынша, бұл марапат жекелеген жұмыстарды атап өтумен шектелмейді, сонымен бірге кәсіби ортаны қалыптастыруға қызмет етеді.

«Кинотанушылар форумы сыйлығы – үздік кинотанулық жұмыстарды анықтап, кәсіби орта қалыптастырудың маңызды тетіктерінің бірі. Бүгінде кинотанушылар үшін олардың зерттеулері, сыни мәтіндері мен талдамалық жұмыстары назарға алынып, кәсіби бағасын алатын орта болғаны ерекше маңызды. Мұндай орта мамандардың кәсіби өсуіне қажет: жас зерттеушілердің пікірлес әріптестер табуына, тәжірибе алмасуына және мамандықтағы ары қарайғы мүмкіндіктерін көруіне жол ашады. Марапат жаңа есімдерді қолдап, сапалы зерттеулерді ынталандырып, кинотанушылар қауымдастығын нығайтуға мүмкіндік береді. Кинотанушылардың еңбегі елеусіз қалмауы керек. Өйткені киноны зерттеу, талдау және пайымдау арқылы кинематограф төңірегіндегі кәсіби әңгіме қалыптасады», — дейді Ержан Жұмабеков.

Кинотанушылар форумы – Baiqonyr Film Festival бағдарламасындағы кәсіби бағыттардың бірі. Оның аясында кино зерттеушілері мен сыншылар бас қосып, қазіргі кино үдерістері, кинотану мен кино сынының дамуы және саладағы жаңа зерттеулер туралы пікір алмасады.

19.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27779
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27273
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44629
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40337
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44951