Арнайы кітапхана қызметкерлері М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің ұйымдастыруымен «Жалынды жас – дарынды ұрпақ!» атты ІІ қалалық мектепаралық өнер фестивалі аясында өткен «Тұлға тәрбиелеудегі педагог ұйымдастырушының қызметі» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Аталған семинарда Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері Гүлзада Таласбайқызы «Инклюзия және театр» жобасы аясында «Ерекше бала өміріндегі театр» атты баяндама оқыды. Баяндамада жоба бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарымен сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер турасында кең мағлұмат берді.
Бұл семинарға қала мектептеріндегі «Мәдени-тынығу» жұмыстарын жүргізетін барлық мамандар қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің аға оқытушылары семинар-тренинг жасап, заманауи мәдениетті дамытудың қыр-сыры турасындда баяндама жасады. Шеберлік сағат соңында барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.