Көгалдандыруға қоғам болып ұйысты

Көгалдандыруға қоғам болып ұйысты

Түркістанды көгалдандыру үшін Өзбекстаннан 10 мың түп гүжім ағашы әкелінеді. Сонымен бірге жергілікті климатқа қолайлы саналатын қарағаш пен терек егіледі. Күзгі ағаш егу науқанының барысын бақылаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. 

Қаланы көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан іс-шараларды, аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардан жасақталған секторлардың жұмысын пысықтады.

Бүгінде Түркістан қаласы көгалдандыру және абаттандыру жұмысын жүйелі жүргізу мақсатында 32 секторға бөлінген. Аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар тұрақты түрде өздеріне бөлінген аумаққа көшет егіп, оның өсіп шығуын жауапкершіліктеріне алған.

Секторлардың жұмысын жандандыру мәселесі облыс әкімі аппаратында да арнайы қаралып, облыс басшысы тарапынан тиісті тапсырмалар берілген болатын.

«Біріншіден, әрбір көшет, жасыл желекке су барып тұруы тиіс. Егер тұрақты суғарылса, Түркістанда ағаш өседі. Екіншіден, біздің климатқа төзімді қарағаш, терек, акация және өзге де ағаштарды өсірген жөн. Үшіншіден, сол көшеттер тамыр алып кеткенше желден қорғап, сынып кетпеуі үшін арнайы қорғауды қамтамасыз ету қажет», – деген өңір басшысы секторларға жауапкершілігі жоғары, қоғамға жанашыр азаматтарды тартуды тапсырды.

Арық жүйелерін суландыру жұмыстары мен жаңа нысандардың айналасын абаттандыруды бақылаған облыс басшысына бірқатар жаңа жобалар таныстырылды. Бүгінгі секторларды аралау барысында да бірқатар ескертпелер айтылып, тиісті тапсырмалар берілді.

11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 20
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 29
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 41

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1018
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7064
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10912
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7133
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7275