Көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданды

Көкөніс бағасын тұрақтандыру шаралары қабылданды

Біздің елде ішкі нарықтағы сұраныстарды қанағаттандыру мәселесінде әлі де көптеген түйткілдер бар екені белгілі. Бұл әсіресе көкөніс, жеміс-жидек өнімдеріне деген қажеттілікті қамтамасыз етуде айрықша көзге түсетіні бар. Дегенмен мемлекеттің түрлі қолдаулары мен уақsтылы қолданып отырған шаралары негізінде ішкі нарықтағы баға тұрақтылығы мәселесі бақылауда тұрған жайы бар.

Жақында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының ауытқуын болдырмау үшін Өзбекстан мен Тәжікстаннан тасымалдаушылармен тікелей келісімшарт жасау мәселелерін пысықтау туралы тапсырмасын орындау үшін Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың төрағалығымен кеңес өтті. Кеңес кезінде «QazTrade» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров кезекте қолға алынып жатқан шаралары туралы баяндап берді. Нұрлан Құлбатыров «QazTrade» АҚ 12 өңірмен 4 мың тоннаға жуық ерте шығатын көкөністерді жеткізуге шарт жасасқандарын, әрі көкөніс өнімдерінің логистикасы мен құнына қатысты мәселелер пысықталып жатқанын атап өтті. 

– «QazTrade» АҚ тарапынан барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Біз Өзбекстан Республикасының «UZTRADE» АҚ-мен және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік және материалдық резервтер жөніндегі агенттікпен және «Тәжагропромэкспорт» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнымен көкөністерді жеткізуге шарттар жасастық», – деп хабарлады «QazTrade» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

Жиналыс барысында Айжан Бижанова кей өңірлер ерте шығатын көкөністерді сатып алуға асықпай отырғанын айтты. Жақында әлеуметтік желі бетінде Самат Сұлтанов есімді азамат оңтүстіктегі диқандардың өздері өндірген құлпынай мен қырыққабаттарын сата алмай отырғандығын айтып мәселе көтерген еді. Бұл өз кезегінде жергілікті орындардағы әкімдердің қажетті шараларды дер кезінде қабылдай алмай отырған салғырттығы дер едік.

 

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ

 

17.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1244
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2250
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3448