Көкпаршылар –қола жүлдегер

Көкпаршылар –қола жүлдегер

Астана қаласы көкпардан ересектер арасында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 180-нен астам көкпаршы қатысып, 15 команда құрап, 4 топқа бөлініп сынға түсті. Әр топтан үздік шыққан командалар жартылай финалға жолдама алып, ақтық сында бақтарын сынады.

Жеті күнге созылған дүбірлі бәсекеде Жамбыл облысының «Әулиеата» көкпар командасы өз рекордын жаңартып, тағы бір мәрте жеңіске жетіп, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды.

Шымкент қаласының командасы күміс медаль иегері болса, Астана қаласының көкпар командасы Қызылорда облысының көкпаршыларын 3:2 есебімен ұтып, үздік үштіктің қатарынан көрініп, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, чемпионат барысында шебер өнер көрсеткен жекпе-жек аттарының сайысы марапатталып, астаналық «Саян» сәйгүлігі чемпион атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ үздік өнер көрсеткен спортшылар Қазақстан Республикасы Көкпар федерациясының ақшалай сыйақысымен марапатталды.

Айта кетейік, бұл дүбірлі дода – Қазақстан чемпионатының тарихындағы 24-ші мәрте ұйымдастырылған ел чемпионаты.

Нағашыбай Қабылбек
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 49
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 122
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 58
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 122
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 349
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 344

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19011
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18875
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34037
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32593
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36398