Көктемгі дала жұмыстары қарқынды

Көктемгі дала жұмыстары қарқынды

Сарысу ауданының халқы жер жыртып, егін салумен ертеден айналысады. Ата кәсіпті бүгінде тәуелсіздіктің елең-алаңында құрыла бастап, аяғынан тік тұрған жеке шаруашылық құрылымдары жалғастырып келеді. Жер баптап, егін егетін, бақша дақылдары мен көкөніс өнімдерін өсіретін шаруа қожалықтары жыл сайын егіс алқаптарын ұлғайта түсуде. «Аудан шөлейтті өңірде орналасқан, су тапшы» деп қол қусырып отырған жанды көрмейсің мұнда. Көктен түскен жауыннан, тау қарынан аудан аумағындағы екі су қоймасына жиналатын суды тиімді пайдалана білетін диқандар «көктемнің бір күні жылға азық» екенін жақсы біледі.

– Биылғы жылғы өнім үшін жаздық дақылдарды 24500 гектар алқапта орналастыру жоспарланды. Бұл былтырғы егістік алқабынан 271,5 гектарға артық. Мәселен, дәнді дақылдар 9850 гектарға егілсе, оның ішінде жаздық арпа – 4100, дәндік жүгері – 1250 және былтыр егілген 4500 гектар күздік бидай дақылдары. Майлы дақылдар түріне жататын мақсары 8000, ал картоп 60, көкөніс 400, бақша дақылдары 450 және 5740 гектарға көпжылдық шөп отырғызу жоспарланған. Оның 1300 гектары жаңадан егіледі.

Жаздық дақылдарды себу үшін 15560 гектар жер дайындау қажет болса, 13 сәуірге дейін 9500 гектар жер дайындалып, 61 пайызды құрады. 4500 гектар күздік бидай және 4440 гектар жоңышқа былтырғы жылдары егілген. 4100 гектар жаздық арпа мен 1300 гектар жоңышқа 100 пайыз егілді. 5200 гектар мақсары себілсе, бұл 65 пайызды құрайды. Картоп, дәндік жүгері, бақша және көкөніс дақылдарын отырғызу сәуір айының ортасынан басталды. Бір айдан аса уақыт бұрын басталған көктемгі дала жұмыстары ауа райы қолайлы болған жағдайда мамыр айының аяғына дейін аяқталатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы алғаш рет соңғы 15 жыл көлемінде суармалы егіс алқабына «Игілік» өндірістік кооперативі арпаның «Бәйшешек» сортын 45 гектарға отырғызып, аудан шаруашылықтарына тұқым дайындауды бастады.

Алдағы уақытта облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, суармалы егістік және тәлімі жерде бір-бірден тұқым шаруашылықтарын құру бойынша ғылыми институттардың мамандарымен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, аудандастырылған тұқым шығару жоспарланып отыр, – дейді аудан әкімінің орынбасары Қайрат Аманов.

Көктемгі дала жұмыстарына 738 тонна арпа тұқымы қажет болса, 740 тонна, 200 тонна орнына 205 тонна мақсары тұқымы алынып, 100,3 пайызды құраған. Ал, 37,5 тонна жоңышқа тұқымының орнына 40 тонна дайындалған. 32 тонна дәндік жүгері тұқымы алынған.

Ауданда барлығы 683 ауыл шаруашылығы техникасы болса, көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техника саны – 510. Оның 342-сі трактор, 45-і соқа, 28-і қопсытқыш, 85-і дән сепкіш. Техниканың 95 пайызы егіс- дала жұмыстарына жұмылдырылыпты.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 780 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Операторы – «Сарыпбекова» жеке кәсіпкерлігі. Литрі – 212 теңге. Бүгінге дейін операторға 603,1 тонна дизель жеткізіліп, шаруашылықтарға өтінімі бойынша босатылуда. Осы айда тағы 130 тонна дизель отыны жеткізілуі тиіс. Оператор қажетті қаржыны төлеген.

Биыл 1207,4 тонна тыңайтқыш алып, егістік алқаптың 13600 гектарын тыңайту жоспарланған. Селитра және аммофос тыңайтқышын сатып алуға 281,5 тоннаға келісімшарт жасалып, 222,5 тонна тыңайтқыш алыныпты. Дегенмен, биыл тыңайтқыш алуға мемлекет тарапынан берілетін субсидия бағдарламасына енгізілген өзгерістерге байланысты тыңайтқыш құнын 100 пайыз төлем жасауға шаруашылықтардағы қаражат тапшылығынан сұраныс аз берілуде.

Бұрын мемлекет тарапынан берілетін тыңайтқыш құнының 50 пайыз субсидия қаражатынан шаруашылықтар арқылы тыңайтқыш сатушы кәсіпорынға тікелей аударылып, шаруашылық қалған қаражатты өздері төлем жасап келген. Бұл мәселені шешу бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс жолданып, жұмыстар жүргізілуде екен.

Қандай да бір науқанды ұйымшылдықпен өткізу – бірінші қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Сондықтан да көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында ауданға «Кең дала» бағдарламасы бойынша шаруашылықтардан 12 өтінім түсіп, 77,3 миллион теңгеге қаржыландырылған.

«Ауданда егістік жерлерді суаруға арналған «Ынталы» және «Бүркітті» су қоймалары, 16 су жеткізу каналы бар. Су қоймалары «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінде. 16 каналдың 12-сі коммуналдық меншікке алынған. Екі канал жекешелендіру комитетінде келісім делуде. Сыйымдылығы 30 миллион текшеметр «Ынталы» су қоймасына 100 пайыз су жиналды. «Бүркітті» су қоймасының сыйымдылығы – 8,3 миллион текшеметр, сәуір айының ортасына қарай 7 миллион текшеметр су жиналып, вегетациялық кезең басталғанша қажетті су көлемі жинақталады», – дейді Қайрат Аманов.

Ауданда суармалы егістікке пайдаланылатын ұзындығы 109,4 километрді құрайтын 16 канал толық тазаланған. «Қазсушар» РМК Сарысу аудандық филиалымен 102 шаруа қожалығы 1285,7 гектар алқапқа су пайдалану үшін келісімшартқа отырыпты. Бүгінде суармалы егіс алқабының 455 гектары, оның ішінде көпжылдық шөп (жоңышқа) алқабы Шабақты, Бүркітті өзендерінен ағын суды каналдар мен жер арықтарға көтеру арқылы ауыл ішіндегі «Жасыл белбеу» бағдарламасымен суармалы егіске егілген және көпжылдық шөп алқаптарына берілуде. Келесі кезекте жүгері егілетін егістік жерлерге беріледі.

Алдағы уақытта осы кезекпен ағын суды пайдалану тиімділігін арттыра отырып, қоймалардағы суды үнемді пайдалану үшін өзен суын кәдеге асырудың жолын одан әрі тиянақтау жұмыстары жүргізіле беретін көрінеді. Шабақты, Бүркітті өзендеріндегі ағын суды пайдаланудың нәтижесінде Жаңаталап, Игілік, Байқадам және Жайылма ауылдық округтеріндегі 10 гектардан астам жайылым және шабындық жерлер суландырылған. Қашаннан судың қадірін жете сезінетін сарысулық шаруалардың бүгінгі тіршілігі осындай.

 

Амангелді ӘБІЛ Сарысу ауданы
18.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 53
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 97
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 100
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 208
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 213
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 425
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 390

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9083
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8481
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11709
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9475
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10689