«КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ»

«КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТТАРЫМЕН ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Бүгінгі күні облыстың агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі - ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру аясында астық дақылдарының егістік алқаптары қысқарып, майлы дақылдар мен көкөністердің және қант қызылшасы алқаптарының көлемі артуда.
Осыған байланысты, бүгін «Көктемгі дала жұмыстарына дайындық: ғылыми-зерттеу институттарымен әріптестік мәселелері» атты семинар өтті. Облыста тұқым шаруашылығын дамыту, отандық тұқымдарды тәжірибеден өткізу, агрохимиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған тәжірибелік семинарға бірқатар ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, тұқым өсіруші серіктестік басшылары мен шаруа қожалық жетекшілері қатысты.
Семинар барысында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек: Азық-түлік өндірісі өңірімізді дамытудың басты факторына айналып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді екі есеге арттыру қажет. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жаңа технологиялардың көмегінсіз дами алмайды. Ғылымның бар күшін пайдалану керек, тек сонда ғана ауыл шаруашылығы саласында алға жылжу болады, - деп атап өтті.
Одан кейін сөз алған «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасының инновация жөніндегі орынбасары Ғалиолла Мейірман «Жамбыл облысында тұқым шаруашылығын дамыту», «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Теміржан Айтбаев «Жамбыл облысының шаруа қожалықтарына арналған картоп, көкөніс-бақша және жеміс-жидек дақылдарының сорттары», «Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС топырақ мелиорациясы бөлімінің меңгерушісі Мақсат Пошанов «Агрохимиялық картограмма дайындау - топырақ құнарын сақтау мен өнімділікті арттырудың басты құралы» тақырыптарында баяндама жасап, жаңа инновацияға негізделген еңбектің нәтижесі жоғары болатынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, «Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қанат Шайхиев «Жамбыл облысында отандық тұқымдарды тәжірибеден өткізу ерекшеліктері», «Қайнар-Агро» ЖШС директорының орынбасары Әсем Шоқатаева «Жамбыл облысында отандық тұқым өндірушілердің перспективті күздік дақылдарын өсіру ерекшеліктері» және «ЮГ-АКТИВ БИО» ЖШС директоры Бауыржан Батахаев ««Актив био универсал» органикалық тыңайтқышының артықшылықтары» тақырыбында баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында агросаланы дамытуға қатысты шаруалар тарапынан қойылған сұрақтар жан-жақты жауаптар беріліп, өзара пікір алмасты.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
15.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722