*Көктемгі өзгеріс: алматылықтарды қалада бірлесе тәртіп орнатуға атсалысуға шақырады*

*Көктемгі өзгеріс: алматылықтарды қалада бірлесе тәртіп орнатуға атсалысуға шақырады*

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны 8 сәуірден бастап бір ай ішінде мегаполисте өтеді. Шара жеті күнге созылатын бірнеше кезеңнен тұрады.

 

Бірінші кезең – «Біздің қала — біздің көшелер» бағыты бойынша өтеді. Ол 14 сәуірге дейін жалғасады. Жоспарланған жұмыстар шеңберінде жолдарды орташа жөндеу, қираған учаскелерді қалпына келтіру, қажет болған жағдайда жиектерді ауыстыру, аялдама кешендерін тазалау, жерүсті мен жерасты өткелдерін жуу, төсемдерді қалпына келтіру және тағы басқалар көзделген.



 

Білім беру бағытына ерекше мән беріледі. Кең ауқымды акция аясында Экология туралы фильмнің тегін көрсетілімі, қоқыс сұрыптау кешеніне «Қоқысты дұрыс сұрыпта» туры, оқушылар арасында пікірталас, сондай-ақ қаланың экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стартап-жобалар байқауы өтеді.



 

Көктемгі жаңартуға барша бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатыса алады. Олар өз аулалары мен іргелес аумақтарды ретке келтіреді. Сондықтан екінші кезең "Біздің қала – біздің аула, біздің үй" деп аталуы кездейсоқ емес. Қала тұрғындары 20 сәуірде жоспарланған сенбілік-ағаш отырғызуға, қоршаулар мен орындықтарды бояуға белсенді қатысу арқылы өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсете алады. Мегаполисте алғаш рет "Қоқысты бір стақан кофеге айырбастау" акциясы өтеді. Сондай-ақ, "Үздік аула", "Үздік аула сыпырушы" және "Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері" байқауларын өткізу жоспарланған.



 

Науқанның келесі кезеңі – "Біздің қала – біздің таулар, өзендер мен көлдер" - жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазартуға бағытталған.



 

Жобаның қорытынды соңғы аккорды қалалық сенбіліктер, көшеттер мен гүлдер отырғызу, "Тазалық және денсаулық күні" марафоны, танымдық экскурсиялар, сондай-ақ субұрқақтар күнін қамтитын "Біздің қала — біздің мақтанышымыз" акциясы болады.

 

Қаланы ең таза әрі жайлы етуге деген ұмтылыс әр тұрғынның борышы. Бірлесе атқарған жұмыс әрдайым жеңіл. Бастамаға кәсіпкерлер, мәдениет пен спорт жұлдыздары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қолдау білдірді.



 

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. 

 

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

09.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 13
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 12
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 22
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 16
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 17

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1173
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7219
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11084
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7285
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7430