Көлік паркіне – жаңа 30 автобус

Көлік паркіне – жаңа 30 автобус

Жақында облыс орталығында Yutong маркалы 30 жаңа автобус салтанатты түрде ел игілігіне берілді. Жаңа көліктер 10 маусымнан бастап жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Салтанатты іс-шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев бұл бастама өңірде қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға, тұрғындардың қатынау мүмкіндігін кеңейтуге және қауіпсіз тасымалды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Оразғалиев жыл соңына дейін қоғамдық көлік паркі тағы да жаңа автобустармен толықтырылатынын жеткізді.

– Өңірде қоғамдық көлік паркін жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып келеді. Осы мақсатта өткен жылы «KG Transport» мекемесі арқылы Yutong маркалы 90 жаңа автобус сатып алынды. Оның 48-і былтыр пайдалануға берілсе, қалған 42 автобус биыл кезең-кезеңімен іске қосылады. Сонымен қатар, бүгін «Атырау-Автопарк» теңгеріміне берілген автобустар қоғамдық көлік жеткіліксіз аумақтарды қамту мақсатында №1, №4, №8, №30А, №57 және №65 бағыттары бойынша қатынайды, – деді Ә. Оразғалиев.

Жаңа автобустар Қарағанды облысындағы «QazTehna» зауытында шығарылған және «Еуро-5» экологиялық стандартына сай келеді. Заманауи қоғамдық көліктер салқындату жүйесімен, бейнебақылау камераларымен және пандустармен жабдықталған.

Қазір Атырау қаласында алты тасымалдаушы мекеме жұмыс істейді. Қала ішінде 38 бағыт бойынша қоғамдық көлік қозғалысы ұйымдастырылған. 

 

А. ХАМИТТЕГІ, Атырау облысы
12.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25935
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25380
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42784
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38614
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43181