Көмір бағасы бір жылда 5 пайызға өсті

Көмір бағасы бір жылда 5 пайызға өсті

«Қазақстанда екінші жыл қатарынан көмір бағасы өсіп келеді. Биыл көмір өндіру көлемі артып отыр. Мәселен, қаңтар-қыркүйек айларында лигнит пен көмір концентратын қоса алғанда 82,1 миллион тонна тас көмір өндірілген болатын. Бұл              былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 1,5  пайызға артық. Соған қарамастан, көмір бағасы тағы көтерілді. 2021 жылы тас көмірдің орташа бағасы 5,1 пайызға өсті. Елдің 14 аймағында көмір бағасының өскені байқалып отыр. Шығыс Қазақстан облысында бір жыл ішінде 10,8 пайызға қымбаттаса, Жамбыл мен Түркістан облыстарында 8,6 пайыз көтерілген. Батыс Қазақстан облысында ғана биыл 1 пайызға арзандады. Бір ай бұрын ең қымбат көмір Орал қаласында болған. Ол жерде бір тоннасы 19,3 мың теңгеден сатылды. Таразда — 15,6 мың теңге, Түркістанда 15,3 мың теңге тұрған. Ал ең арзан көмір Семейде 9,8 мың теңгеден сатылған. Айта кетері, Қазақстанда өндірілген көмірдің басым бөлігі Павлодар облысына тиесілі. Ол жерде биыл 47,9 миллион тонна өндірілген. Одан кейін Қарағанды облысы (27,7 млн тонна) мен Шығыс Қазақстан облысы (6 млн тонна) тұр»,— деп хабарлайды. 

 

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 62
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 114
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 65
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 67

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23724
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41205
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41388