Коммуналдық саланы цифрландыру керек

Коммуналдық саланы цифрландыру керек

Атырау облысында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға 30 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бүгінде департамент өңірдегі 40 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді. Олардың қатарында су, жылу, электр, газбен жабдықтау және кірме жолдар саласында қызмет көрсететін мекемелер бар. Биыл 23 маусымдағы жағдай бойынша тарифтерді бекіту мен бағаларды келісуге қатысты 69 өтінім қаралған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Жанар Дәрібаева мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 6,7 млрд теңгеге төрт кәріз-сорғы стансасын қайта жаңғырту көзделген. Сонымен қатар «Атырау Жарық» ЖШС-нің 23,8 млрд теңгелік инвестициялық бағдарламасы аясында облыстың бірнеше ауданында электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі, – деді Ж.Дәрібаева.

Сондай-ақ департамент коммуналдық саладағы цифрландыру жұмыстарына ерекше назар аударып отыр. Қазір табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Монополист» электрондық деректер базасы және бірқатар цифрлық платформа пайдаланылуда.

Цифрландыру тарифтерді қалыптастыру мен инвестициялық жобаларды іске асыру үдерістерінің ашықтығын арттырып, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

А. ХАМИТТЕГІ,

Атырау облысы

 

02.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26188
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25637
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43024
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43430