Көпбейінді аурухана пайдалануға берілді

Көпбейінді аурухана  пайдалануға берілді

Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін иеленгелі бері шаһардағы емдеу мекемелерінің саны да, сапасы да өсіп келеді. Соның бір дәлелі ретінде жуырда 200 орынға шақталған модульдік көпбейінді аурухананың пайдалануға берілгенін айтуға болады. Ал келесі жылы 570 орынды көпсалалы ауруханасы ел игілігіне тапсырылады деп күтілуде. 

Бұл жағымды жаңалықты Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы       Марат Пашимов баспасөз өкілдерімен өткізген брифинг барысында мәлімдеді. «Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлініп, тиісті деңгейде қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. Мәселен аймақтағы медициналық ғимараттардың тозуы 58,1 пайызды құраған болатын. Осыған байланысты 2020 жылы облыстық бюджеттен аудан-қалалардағы емханалар мен ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізу үшін 809,5 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде биыл 5 нысан жаңартылса, 7 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 7 фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыс жұмыстары атқарылуда», – деді      Марат Орынбасарұлы.

Басқарма басшысы 2020 жылғы жалпы трансферт есебінен 2,5 млрд теңге қаржы бөлініп, оған ең қажетті деген медициналық техникалар сатып алынғанын жеткізді. Олар бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау қызметін күшейтуге жұмсалған. Ал биыл 2 КТ аппарат, анестезиология және реанимация бөлімшелерін жарақтандыру мақсатында 392 дана, ана мен бала бөліміне  87 дана медициналық техника алынған.

Әлемді алаңдатқан жұқпалы ауруды таратпау, эпидемиологиялық ахуалды ауырлатпау жолында облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезге дейін облыс халқының 93 пайызы немесе 973 852 адам коронавирус індетіне қарсы екпенің І компонентін салдырған болса, 895 859 азамат ІІ компонентін қабылдаған. Осындай көрсеткішпен Түркістан облысы вакцинациялау бойынша республикада бірінші орынға шыққан. Нәтижесі де нақты: Түркістан облысы мен қаласы жұқпалы аурудың тіркелуі жағынан ең төменгі өңірлердің бірі саналады. 

Ш.Мекенбайұлы
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823