Көпке үлгі «Молдебек»

Көпке үлгі «Молдебек»

Темірбек ауылдық округінде шаруасын жолға қойған шаруа қожалықтар көп. Соның бірі – «Молдебек» шаруа қожалығы. Қожалық меңгерушісі Ержан Мейірбековтің айтуынша, өткен жылы пиязды – 40, картопты – 30, бақша дақылдарын 30 гектар алқапқа орналастырған. Пияздан – 2800, картоптан – 720, бақша дақылдарынан 900 тонна өнім жинаған.

Қожалық биыл 150 гектар алқапқа тамшылатып суару жүйесін енгізу арқылы қант қызылшасын, пияз бен көкөніс, бақша дақылдарымен қатар, картоп отырғызуда. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданына барған жұмыс сапарының бірінде арнайы қайырылып, қожалықтың көктемгі дала жұмысымен танысқан болатын.

Шаруашылықтың былтыр қарбыз бен пияз орналасқан алқабына биыл картоп отырғызылуда екен. Алқап басында Солтүстік Қазақстан мен Ресей мемлекетінен жеткізілген картоп тұқымы қап-қап болып жинаулы тұр. Бір трактор картоп отырғызуда.

– Биыл қант қызылшасын – 50, көкөніс пен пиязды – 40, картопты – 35, бақшаны 25 гектар алқапқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Қожалыққа қарасты барлық алқапты тамшылатып ылғалдандыратын боламыз. Картоп тұқымының 48 тоннасын Солтүстік Қазақстаннан, 37,5 тоннасын Ресей мемлекетінен алып келдік. Оның әрбір килограмы 120-150 теңгеден айналды, – дейді Ержан Мейірбеков.

Қожалық бүгінгі таңда картоптың «Анна Каралева», «Гранола» мен «Каломба» сұрыптарын отырғызса, ал пияздың «Көктал», «Бонус F1», «Миссиссиппи F1» және «Пандеро F1» тұқымдары себілуде. «Қант қызылшасының тұқымын Түркиядан алдырдық. Қазір тұқым мәселесі жақсы шешімін тапқан. Қант қызылшасы алқабын жыл санап ұлғайтудамыз. Арнайы дән сепкішіміз бар. Енді пайдалануда болған балтамыр жинайтын комбайнды алуды жоспарлаудамыз. Бұл дақылдардан бөлек, алда бақша саламыз. Ағын суды Талас өзенінен алып отырмыз. Ауыл маңында мал көп. Одан қорғану үшін 150 гектар алқапты толықтай қоршап алғанбыз, – дейді кәсіпкер.

Егіс алқаптарын тыңайтқыштармен тыңайтып отыру қожалық тарапынан оң шешімін тапқан. Ол үшін 45 тонна амиакты селитра, 15 тонна аммофос және 7 тонна басқа тыңайтқыштар алынып, алқапқа сіңірілген. Техникадан төрт трактор бар. Жеңілдетілген бағамен қожалық 20 тонна кепілдендірілген дизель отынымен де қамтылған.

Тірлігі тындырымды қожалықтың жұмысымен танысқан облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Ержанның жұмысына жоғары баға берді.

– Бүгінгі таңда шаруа қожалықтар көктемнің әрбір күнін тиімді пайдалануға тырысуда. Пиязбен қатар, қант қызылшасы да орналастырылуда. Картоп отырғызу жұмыстары да басталып кетті. Картоп тұқымын Голландия мемлекетінен алдыру үшін 300 миллион теңге бөлінді. Бұрын аймақтың даңқын картоп шығарған болса, қазір оның орнын пияз басты. Сөйтіп, пияз облыстың брендіне айналды. Биыл пияздың көлемін 2000 гектарға, қант қызылшасын 10400 гектар алқапқа жеткізу жоспарлануда. Егіс алқаптарын ылғалдандыруда жаңа технологиялардың маңызы жоғары. Мәселен, өткен жылы облыста су үнемдеу технологиялары 50,9 мың гектар алқапқа енгізілсе, оның 34,8 мың гектарына тамшылатып, 16,1 мың гектарына жаңбырлатып ылғалдандыру жүйесі енгізілген. Ал, биыл суды үнемдеу технологиясы енгізілген алқап көлемін 57 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұл тұрғыда қондырғыларды сатып алу және орнату құнының 50 пайызы мөлшерінде инвестициялық субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау қарастырылған. «Молдебек» шаруа қожалығының үдемелі жаңа технологияны енгізудегі тәжірибесі көпке үлгі болуы керек, – деді Нұржан Нұржігітов.

Марат ҚҰЛИБАЕВ, Байзақ ауданы
09.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 59
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 102
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 103
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 211
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 430
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 395

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9086
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8484
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11712
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9478
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10693