Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен кеше Өрнек және Құмарық ауылдарында «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Шалғай елді мекен тұрғындарының талап-тілегін тыңдап, өзекті мәселелерін шешуге бағытталған шараға ауданның бас прокуроры Болат Қалыбаев, аудан әкімінің орынбасары Ерғазы Еспенов, сондай-ақ бірқатар бөлім мен мекеме басшылары қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар жер, әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау, жол және ауызсу сияқты өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын жеткізіп, тиісті сала мамандарынан түсініктеме алды.
Дәл осындай көшпелі қабылдаулар азаматтардың өтініштерін жергілікті жерде қарастыруға, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.















