ЛОНДОНДАҒЫ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСҚАН УНИВЕРСИТЕТ

ЛОНДОНДАҒЫ  КӨРМЕГЕ ҚАТЫСҚАН УНИВЕРСИТЕТ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің делегациясы Лондонда өткен «Bett Show» халықаралық білім беру технологиялары көрмесіне қатысты. Шара әлемнің түкпір-түкпірінен цифрлық оқыту шешімдерін әзірлеушілер мен  IT мамандарының басын қосты.

Іс-шара білім беру мекемелері мен басқару органдарының өкілдерін, оқытушыларды, әлемнің түкпір-түкпірінен келген цифрлық оқыту шешімдерін әзірлеушілерді және IT мамандарын біріктіреді. «Bett UK» атты халықаралық конференцияда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Ол университеттің оқу бағдарламаларына жасанды интеллектті енгізу реформалары туралы айтты.

Халықаралық көрмеде біздің университетіміз «Smart City» тұжырымдамасын дамыту және университеттің цифрлық трансформациясы жобаларының шеңберінде бірқатар цифрлық шешімдерді ұсынды. Барлығын қос дипломды бағдарлама бойынша оқитын студенттер әзірлеген. Бұған білім беру және қалалық жүйелерді басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қолданбалы IT өнімдері кіреді. Негізгі жобалардың бірі – «KU Timetable». Ол академиялық қызметтердің жұмысын оңтайландырады, уақыт шығынын азайтып, оқу процесін жоспарлайды. Сондай-ақ, шарада университеттің функционалдық бөлімшелері арасында жол карталарын жасауға, тапсырмалардың орындалуын бақылауға арналған корпоративтік жобаларды басқару платформасы таныстырылды. Ол – «KU Track» деп аталады. Бұл шешім ішкі процестердің ашықтығы мен басқарылуын қадағалауға көмектеседі.

Қабылдау науқанын цифрландыру аясында университет «Scroll» жобасын ұсынды. Бұл ku.edu.kz ресми веб-сайтына біріктірілген қабылдау комиссиясына арналған интеллектуалды чатбот. Мұнда тәулік бойы қызмет көрсетіледі, талапкерлердің кеңестерін автоматтандырады және қабылдау науқаны кезеңінде қызметкерлердің жұмыс жүктемесін айтарлықтай азайтады.

 

Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы (облыс әкімдігінің баспасөз қызметі материалдары бойынша әзірленді)
29.01.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 22818
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 22569
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 38477
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36128
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40201