Лудомандарға eGOV-тан шектеу қоюға болады

Лудомандарға eGOV-тан шектеу қоюға болады

 8 шілде күні Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. Көптен күткен заңға Мемлекет басшысы қол қойғалы, қоғамда бұл жөнінде түрлі талқылаулар жүріп жатыр. «Заң арқылы халықтың ойынға тәуелділігін төмендетуге бағытталған шектеуші және ынталандырушы нормалар енгізіледі. Атап айтқанда, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған тұлғалар (атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер банкі) қосылды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізу арқылы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына шектеу қойылады», – делінген таратылған ақпаратта. Біз шектеу қойылатын адамдардың санаты туралы газетіміздің өткен нөмірлерінде хабарлаған едік. Алдағы уақытта ресми түрде күшіне енетін бұл заңда жоғарыда айтылғандардан бөлек мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайтындығы анық белгіленген. Сонымен қоса букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына да шектеу қойылды. Аталған заңды кеңінен талқылап, оның кейбір тармақтарына тоқталып өткен тұлғалар оның қызықты да тиімді тұстары туралы айтып жатыр. Мысалы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев лудомандардың банк картасына шектеу қоюға болатындығы туралы айтып берді. – ХҚКО-ға барып немесе оның интернеттегі баламасы eGOV-қа кіріп, өзіңізді шектеуге болады. Қазірше бір жылға дейін шектеу қоюға болады, ал заң күшіне енген соң, 10 жылға дейін шектеу қоюға болады. Сол аралықта сол азаматтың банк картасынан ешқандай казино немесе букмекерлік кеңсе төлем қабылдай алмайды. Оның қандай жақсы тұстары бар? Мысалы бір азамат осы құмарпаздық дертіне шалдықты дейік, оның туыстары бауырластық танытып, үгіт жүргізу арқылы оның көзінше eGOV қосымшасы арқылы белгілі мерзімге шектеу қоюына болады. Шектеу бір рет қойылғаннан кейін мерзімі жетпей алынбайды. Бұл өте маңызды нормалардың бірі, – деді Елнұр Сабыржанұлы. Біздің елде электрондық үкіметтің жақсы дамығандығын еске алсақ, бұл өз кезегінде құмарпаздық дертіне шалдыққан адамдарға белгілі деңгейде қысым түсіру арқылы оларды жаман әдеттерден арылуға септігін тигізетін болмақ

18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.12.2024 92
АУДАНДА БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2024 57
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 162
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 143
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 555
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 524
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 545
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 543
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 538
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 555
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 542

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9790
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12399
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10166
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11374