ЛУГОВОЙ, КӨКДӨНЕН, КӨГЕРШІН АУЫЛДАРЫНА ВЕТПУНКТ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

ЛУГОВОЙ, КӨКДӨНЕН, КӨГЕРШІН АУЫЛДАРЫНА ВЕТПУНКТ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ
 0
Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өндірілген өнім көлемі 4,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,1 млрд теңгеге артты. Жалпы 150,4 мың гектар егістік жер толық игерілді. Оның басым бөлігіне, яғни 55,2 мың гектарына күздік бидай, 53 мың гектарына жаздық арпа себілді. Былтыр 158 дана агротехника сатып алынып, машина-тракторлар паркі 13,8 пайызға жаңаланса, биыл 11,5 пайызға жаңаланады.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов айтты. Ол асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен — 5, ұсақ малмен — 6, жылқы малымен 1 шаруашылық жұмыс істейтінін де атап өтті. Онда 2650 бас мүйізді ірі қараға арналған — 12, 780 бас жылқыға арналған — 5, 3600 бас қойға арналған 4 бордақылау алаңы жұмыс істейді.
©️©️©️
«Хамза» шаруа қожалығы 250 бас ірі малды бордақылау, сою, сақтап, тоңазыту кешенінің құрылысын аяқталды. «Керең» шаруа қожалығы 200 басқа арналған сауын сиыр фермасын салып, сүт өнімдерін қайта өңдеу кешенінің құрылысын бастады. 12 ауылдық округ ветеринариялық пунктпен қамтамасыз етілген. Биыл Луговой, Көкдөнен, Көгершін ауылдық округтерінде ветеринариялық пункт тұрғызылады», — деді әкім.
✳️Оның мәліметінше, ауданда мал басы саны 103,7-ден 113,9 пайызға дейін артқан. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасының 5 бағыты бойынша Құмарық ауылдық округіне 797 196 мың теңгеге несие берілді.
🔴Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында бос жатқан жайылымдық жерлерді тезірек қайтарып алып, оны ауыл тұрғындарына беруді тапсырған болатын. Осы орайда, ағымдағы жылы 906,38 га жайылым, 41,3 га егістік, 1,03 га бөгде жер учаскесі мерзімі өткендіктен мемлекет меншігіне қайтарылды. 150 га егістік жері суармалы егістікке ауыстырылды.
Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
27.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782