Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Сіздердің жұмыстарыңыз ерекшеліктерге толы. Кез келген адамның қолынан келе бермейді.
Еліміздің рухани тірегі – ұлттық құндылықтарымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз болса, Сіздер ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер.

Мәдениет пен руханият – адамзат әлемінің айнасы десек, елімізде, өңірімізде бұл салада еңбек етіп жүрген мамандарға артылған сенім мен жауапкершілік жүгі жеңіл емес.
Облысымыздағы 5000-нан аса мәдениет қызметкері де осы мерейлі міндетті абыройлы атқаруда.
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге шығармашылық шабыт, сәттілік тілеймін! Дендеріңіз сау болып, шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын!