Мәдениет саласында жаңалық көп

Мәдениет саласында жаңалық көп

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан 2025 жылдың 10 айындағы жұмыс нәтижелері туралы

Мәдениет желісі: 242 мекеме жұмыс істейді

Атырау облысында 242 мәдениет ұйымы қызмет көрсетеді. Оның ішінде 138 кітапхана, 84 мәдениет үйі, 14 музей, 2 театр, 2 концерттік ұйым, халық шығармашылығы орталығы және тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы бар. Салада 3051 қызметкер еңбек етсе, оның жартысынан астамы – шығармашылық мамандар. Өңірге 22 маман қажет: 15 – мәдениет және өнер саласына, 7 – техникалық қызметке.

Кітапхана мен музейдегі жаңарту жұмыстары

Кітапханалар қоры – 2,5 млн кітап. Оның 62 мыңнан астамы цифрланды. Жыл басынан бері 17 мыңнан аса жаңа кітап алынған. Оқырмандар саны – 145 мың. Сонымен бірге кітапханаларда 14 коворкинг орталығы жұмыс істейді.

Музейлерде 131 мыңнан астам жәдігер сақталған. 26 мыңға жуық экспонат цифрландырылып, 728 жәдігер 3D форматқа көшірілді. Жыл ішінде 3 мыңнан астам экскурсия өткізіліп, келушілер саны 49 мыңнан асты.

Тегін үйірмелер: 10 мың бала қамтылды

2021 жылдан бері 4-17 жас аралығындағы балалар мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмелерге қатысып келеді. 2025 жылы 10 122 бала 31 бағыт бойынша ашылған 344 үйірмеге тегін барды. Бұл қызметке бюджеттен 3,6 млрд теңге бөлінді.

Қаржыландыру: жыл ішінде 9,4 млрд теңге игерілді

2025 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға барлығы 9,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде: 1.832 млн теңге – әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға, 2.3,6 млрд теңге – балаларға арналған шығармашылық тапсырысқа, 3.5,7 млрд теңге – мәдениет мекемелерін қамтамасыз етуге, 4.207 млн теңге – материалдық-техникалық базаны жаңартуға бағытталды.

Ауылдағы мәдениет: жаңа ғимараттар салынып жатыр

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында жаңа 200 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілді. Қазір облыста 14 мәдениет нысаны салынып жатыр. Оның ішінде: Кеңөзек, Атырау ауылы, Миялы, Мұқыр, Қарабау, Азғыр, Котяевка, Көптоғай, Г.Алипов, Асан, Нарын, Жаңа Қаратон ауылдарындағы мәдениет үйлері және Доссордағы музей мен кітапхана құрылысы.

Ірі мәдени нысандар: жаңа концерт залы мен конгресс-холл

Өңірде үш ірі жобаның құрылысы жоспарлы түрде жүруде:

1.    1200 орындық концерт залы мен тарихи-өлкетану музейі 

- Жобаның құны – 68 млрд теңге. Сараптамадан өтті, құжаттар министрлікке жолданды.

2.    600 орындық конгресс-холл

- ЖСҚ сараптамадан өтуде. Жобаның құны – 6,5 млрд теңге. 

3. Дарынды жастарға арналған шығармашылық орталық – Құрылыс басталды. Құны – 1,1 млрд теңге.

Тарихи мұра: археологиялық жұмыстар күшейді

Облыста 317 ескерткіш бар, оның төртеуінің республикалық маңызы бар.

Соңғы үш жылда 648 нысанға сараптама жасалса, 180 ескерткіштің қорғау аймағы бекітілген.

2025 жылы үш нысанда Қарабау-2, Сарайшық, Ақтөбе-Лаэти қалашықтарында археологиялық жұмыстар жүргізіліп, 43,3 млн теңге жұмсалды.

Гастрольдер мен іс-шаралар: 886 мың көрермен қамтылды

10 айда облыста 4552 мәдени іс-шара өтіп, оған 886 647 көрермен қатысты. 3 халықаралық және 5 республикалық деңгейдегі шара ұйымдастырылды. Өнер ұжымдары 20 гастрольге шығып, Берлин, Вена, Астрахань, Осака, Ашхабад қалаларында концерттер қойды.

Ономастика: 2026 жылы екі ауыл тарихи атауға оралады

Өңірде көше, ауыл, елді мекен атауларының 97-99%-ы идеологиялық талапқа сай. 2026 жылы Құрманғазы ауданындағы Сафон және Кудряшов ауылдары тарихи атауын қайта алады.

Тіл үйрету және KazTest: мемлекеттік тілді меңгеру 99%

2025 жылы 4000 адамды қамтыған әлеуметтік зерттеуге сәйкес:

1. мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі – 99%,

2. орыс тілі – 97%

4. үш тілді меңгергендер – 69,9%.

1000 тыңдаушыны қамтуға арналған тіл курстарында қазір 557 адам оқып жатыр.

KazTest тапсырушылардың 95%-ы сынақтан сәтті өтті.

Комиссия жұмысы

2025 жылы басқарма жанындағы комиссиялар 78 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Дайындаған Г.Бақытжанқызы

 

11.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21187
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20968
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36150
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34589
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38514