Маңғаз Маңғыстау

Маңғаз Маңғыстау

Газетіміздің ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Ардагерлер кеңесі, «Аманат» партиясы,  «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты дәстүрлі экспедициясы  Маңғыстау облысында

 

 

«Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының  «Ауыл аманаты – Ел аманаты» экспедициясы Маңғыстау облысында  жалғасып жатыр. Мұнайлы ауданындағы № 14 және №16 мектептерде өткен кездесуге ата-аналар, ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар жиналды. Мәртебелі баспасөз өзінің ауыл мен Астананы, ел мен билікті, қарапайым халық пен әкім-қаралардың  арасын жалғаушы «көпірлік» міндетін атқарып жатыр. Ұлттық құндылықтар, оқуға құштар мектеп, жер аманаты кеңінен сөз болды. «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің Бас директоры, қоғам қайраткері, публицист  Сәуле Мешітбайқызы көптің көкейіне қонымды сөздерін ортаға салып, ағынан жарылды. Қоғамды толғандырып, жұртты ойландырып жүрген сұрақтарға кеңінен жауап берді.  Облыстағы «Аманат» партиясының, білім бөлімінің,  Ауыл шаруашылығы басқармасының атқамінер азаматтары,  жүгіріп  жүрген  ханым- қыздары елдің ертеңіне қызмет етуде. Маңғыстау өңіріндегі экспедициямызға зор қолдау көрсетті. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мырза экспедицияның жетекшісі Сәуле Мешітбайқызын арнайы қабылдап, газет пен журналдың қызметімен танысып, қарамағындағы басшыларға тапсырма берді. Қордаланған мәселелерді ортақ шешудің жолын ақылдасты. Өңір басшысы мен бізге көмек көрсеткен баршасына шын жүректен алғыс айтамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»... 

Алдағы уақытта сапарымыз туралы газет-журналымыздан толығырақ оқитын боласыздар!

 

 

Дәулетбек Байтұрсынұлы

 

20.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5005
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5171
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20126
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18771
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22227