Маңғыстау облысындағы 143 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды

Маңғыстау облысындағы 143 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды

Маңғыстау облысындағы 143 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова мәлім етті. 

Оның айтуынша, қазір қосымша  бейнекамералар сатып алынуда. Талапқа сәйкес, мектептегі аналогты камераларды цифрлық камераларға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. 

«Бүгінде 96  мектептің камералары полиция департаментінің  жедел басқару орталығына  қосылды. Оның ішінде Ақтау қаласындағы 28,  Жаңаөзендегі 24, Маңғыстау ауданындағы 22, Мұнайлыдағы 16 және Түпқараған ауданының 6 мектебі бар. Аудан мектептерін бұл жүйеге кезең-кезеңмен қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, 143  мектепте дабыл түймесі орнатылған. Оның ішінде 62 мектептің түймелері жедел басқару орталығына, 81 мектептің түймелері күзет ұйымдарының диспетчерлік пультіне тіркелген. 

«68 мектеп арнайы лицензиясы бар күзет ұйымдарымен қамтамасыз етілді. Олардың қызметі ҚР Ішкі істер министрлігі берген лицензиясы негізінде жүргізіледі. Келер жылдан бастап арнайы  күзет ұйымдары барлық мектептерде енгізілетін болады.  Бұдан бөлек облыстың  30 мектебінде турникет орнатылды», - деді Гүлмира Қалмұратова.

04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5722
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5867
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20842
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19466
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22932