Өткен аптада аудандық мәслихатта сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары туралы», «Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы», Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Мойынқұм ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы», «Мойынқұм ауданы әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризимге қарсы комиссия құрамы туралы», «Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы туралы», «Аудандық эвакуациялық комиссиясының құрамы туралы», «Аудандық бюджеттік комиссиясы туралы», «Аудандық тұрғын үй комиссиясының құрамы туралы» сияқты мәселелер ұсынылып, қаралды.
Депутаттар сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен аудан әкімдігінің ұсыныстарын бірауыздан қолдап, қабылдауға дауыс берді.