МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ БІЛІМ ШАҢЫРАҒЫНДА
Жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Зұлқарнайұлы Ескендіров Қаратау қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектебінде болды.Кездесу барысында халық қалаулысы ұстаздар тарапынан көтерілген барлық мәселелерді егжей - тегжейлі тыңдап, сауалдарына нақты жауап берді. Осы кездесу барысында мәжіліс депутаты еліміздегі қаралып жатқан заң жобалары мен мәжіліс жұмысының барысы туралы ақпаратқа тоқталды. Әріптестеріміз депутатқа мұң-мұқтаждарын айтып, ұсыныс тілектерін білдірді.
Сөз соңында Мұқаш Зұлқарнайұлы кездесулерде көтерілген мәселелер мен сұрақтардың барлығына заң аясында жан-жақты түсіндірді. Алдағы уақытта тұрғындар үшін түйткілді мәселелер мен сауалдарды назарына алатынын айтты.
Оқу ғимаратын аралап, мектептің материалдық-техникалық базасымен танысқаннан кейін, ұстаздар қауымы және оқушылар құрамымен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу аясында бүгінгі таңда білім саласына баса назар аударылып жатқандығының мәні мен маңызы сөз болып, көпшілік көкейіндегі сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
10.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18721
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180