ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Түркістан облысы, Ордабасы ауданына іссапармен барды. Іссапар аясында Президент тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақбұлақ ауылында соғылып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс жұмысымен танысты. Нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Темірлан ауылында жақында пайдалануға берілген спорт кешенінде болып, спорт ардагерлерімен және спорт саласында қызмет етіп жүрген қызметкерлермен жүздесті. Қайрат Балабиев Мемлекет басшысы және мемлекет тарапынан спорт саласына қолдау ерекше екендігін атап өтті.
Темірланда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында балық шаруашылығын дөңгелетіп отырған кәсіпкермен жүздескен Мәжіліс депутаты жобаға бөлінетін қаржыны ұлғайту бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілетінін айтты.