2024 жылғы 6 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған шараға университеттің белсенді жастары, студенттік ұйымдар мен клубтардың жетекшілері қатысты.
Шараның мақсаты – Жолдаудың қыр-сырын жетік меңгеріп, білім алушылар арасында насихаттау. Жастардың қоғамға үн қосып, азаматтық борышына адал болуы – еліміздің дамуына зор ықпал ететіні сөзсіз. Жолдауда көтерілген әр мәселені шешу жолында болашақ кәсіби білікті мамандар аянбай еңбек етпек. Шара барысында студенттер өз пікірімен бөлісіп, қордаланған мәселелерді жан-жақты талқылады.
Шараға қатысушылар Президент Жолдауына байланысты оң пікір білдіріп, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге белсенді атсалысуға ниет білдірді.
Өткен күні: 06.09.2024 ж.
Уақыты: сағат 17.00
Өткен орны: Бас ғимарат, №303 аудитория (Қ.Сәтбаев, 2)
Ұйымдастырушы: Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті
Байланыс: Ж. Тілепов, 8 702 293 2171