Мемлекет тарапынан инвесторларға инженерлік желілер тартуға көмек көрсетіледі

Мемлекет тарапынан инвесторларға инженерлік желілер тартуға көмек көрсетіледі

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Qazaq Soda» ЖШС өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Сарысу ауданында салынатын кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысына қатысты мәселелер талқыланды. Жоба түрік инвесторлары – Yildirim Group компаниясының қатысуымен жүзеге асырылуда.

Кездесуге «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимов, Yildirim Group компаниясының өкілі Исмаил Джейлан, China Export & Credit Insurance Corporation «Sinosure» мердігер компаниясының өкілдері қатысты.

Аталған нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Өндірістік қуаты — жылына 500 мың тоннаны құрайды десек, алдағы уақытта оны 1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделуде. Кәсіпорын еліміздің ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді экспорттауға да қауқарлы болмақ.

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында электр желілері тартылған.

Кездесу барысында тараптар теміржол салу, газ және су тарту мәселелерін талқылады.

– Қолданыстағы заңнама аясында қажетті көмектер көрсетіледі. Бюджет қаражаты есебінен инженерлік желілерді тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Су құбырын жүргізу жобасы келер жылы аяқталады. Теміржол тарту үшін қажетті құжаттар дайындалуда, - деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне баса назар аудартты. Аймақ басшысы мамандарды даярлау бойынша компанияның білім басқармасымен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Қытайлық «Sinosure» компаниясының өкілдері жобаға қолдау білдірген облыс басшылығына алғыстарын жеткізді.

Жамбыл облысының әкімдігі
14.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9171
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8569
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11797
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9565
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10777