Мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі еліміздің негізгі заңының қабылдануы. Конституция біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың сақталуының сенімді кепілі, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның дамуының кепілі болып табылады.
Мереке қарсаңында, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде салатанатты жиын өтіп,қылмыспен күресте және тәртіпті қамтамасыз етуде дараланған Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі қызметкерлерін департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев грамотамен марапаттады. Сонымен қатар, ҚАЖ ардагерлеріне құрмет көрсетіліп,алғыс хаттар табысталды.
Барша қазақстандықтарды ұлттық мерекеміз Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Отанымыз өркендеп,дами берсін!