Мемлекеттік қолдау күшейіп келеді

Мемлекеттік қолдау күшейіп келеді

Батыс Қазақстан облысында жолаушылар көлігі саласын субсидиялауға облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Соған сәйкес субсидияланатын маршруттар саны да көбейіп отыр.

Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Айгүл Отарғалиева мәлімдеді. Жолаушылар көлігі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы баяндаған Айгүл Жеңісқызы басқарманың негізгі миссиясы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамыту, көлік жүйесінің жай-күйін жақсарту және жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру екенін атап өтті. Сондай-ақ басқарма өкілі көлік саласындағы негізгі бағыттарға тоқталып, жолаушылар көлігі саласы бойынша үш мемлекеттік қызмет көрсетілетінін жеткізді.

Оның алғашқысы – жолаушыларды облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ халықаралық бағыттарда тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін лицензия беру қызметі. 2016 жылдан бері жеке және заңды тұлғаларға осы қызмет түрін көрсетіп келе жатқан басқарма осы уақыт аралығында 25 лицензия берген.

Келесі қызмет – өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беру. Жергілікті атқарушы органдар кеме жүргізушілерін даярлау бағдарламаларын келісуді және шағын көлемді кемелер жүргізушілерін даярлау курстарын есепке алуды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта басқарма «УКК «Политехник» және «Cargo Consulting» ЖШС-ларының, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің кеме жүргізушілерін даярлау курстарының бағдарламаларын келісуден өткізген. 2025 жылы 51 жеке тұлғаға шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік берілген.

Үшінші қызмет – ауданаралық (қалааралық, облысішілік) әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау. Бұл қызмет конкурстық комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылып, басқармамен субсидиялау туралы шарт жасасқан жеке және заңды тұлғаларға ұсынылады. Ағымдағы жылы 19 тасымалдаушы 26 ауданаралық маршрут бойынша қызмет көрсетіп отыр.

– Соңғы жылдары облыстық бюджеттен бөлінетін субсидия көлемі артып, субсидияланатын маршруттар саны да көбейіп келеді. 2025 жылы ауданаралық 20 маршрут субсидияланып, жыл соңына дейін олардың қатары тағы алты маршрутқа артты. Қазіргі уақытта бюджеттен 527,5 млн теңге бөлініп, 18 тасымалдаушы 25 маршрут бойынша субсидия алып отыр. 2025 жылдың қорытынды деректеріне сәйкес, 244 қызмет көрсетіліп, 614,5 млн теңге игерілді, сондай-ақ 332 218 жолаушы тасымалданған. Жалпы, аудан орталықтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар маршруттарды субсидиялау тұрғындардың әлеуметтік осал топтары үшін көлік қолжетімділігін арттырып, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді, – дейді А. Отарғалиева.

 

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

Батыс Қазақстан облысы

 

03.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25660
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25118
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42533
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38381
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42909