Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттiк органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Осы орайда, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

                Мәселен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 13 тексеру жүргізілді, оның ішінде 6-ы бақылау мен қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және 7 жоспардан тыс тексерулер.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 283 фактісі анықталып, бұзушылықтарды жою туралы 10 нұсқама және 2 ұсыныс енгізілді.

Сонымен қатар, профилактикалық бақылаулардың нәтижелерімен 30 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді (21 қызметшіге іссапар шығындары кешіктіріліп төленгені үшін тиісті өсімпұл соммалары төленді, 9 қызметшінің қызметтерін бағалау мәселесі қайта қаралды).

Одан бөлек, жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 3 азаматтың құқықтары қалпына келтіріліп (оның ішінде 2 мемлекеттік қызметші), 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табуда.\

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
07.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 81
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 603
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 720
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 632
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 642

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8779
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8179
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11408
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9162
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10393