Мемлекеттік қызметші әдепті болуға міндетті

Мемлекеттік қызметші әдепті болуға міндетті

        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері Агенттіктің алқалы органдары болып табылады.

        Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

        Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі кеңес қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған тиісті санаттарындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге,              сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттарында дербес лауазымдағы әдеп жөніндегі уәкілдерге қатысты тәртіптік істерді қарайды.

2023 жылдың 12 айында Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісі 12 рет өткізіліп, онда барлығы 98 мәселе қаралды, оның ішінде 28 тәртіптік іс және 70 профилактикалық мәселелер бойынша сұрақтар.

Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 21 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды, оның ішінде: мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін20 (мемлекеттік сатып алу, жер және өзге де заңнама талаптарын бұзғаны үшін), әдеп нормаларын бұзғаны үшін – 1 және 7 іс заңды негіздер бойынша тоқтатылды.

Тәртіптік жаза түрлері бойынша: «атқаратын лауазымынан босату» - 2, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» – 18, «ескерту» – 1.

Қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 213 ұсыныс енгізілді деп жөніндегі уәкілдердің қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларымен өзара әрекеттесу, қызметтік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша).

Сонымен қатар, есепті кезеңде Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен түрлі мәселелер бойынша 49 жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, онда барлығы 138 азамат қабылданды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы және әдеп нормаларын түсіндіру бойынша 92 іс-шара өткізілді.

Одан бөлек, Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бойынша да жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысына жүргізілген талдаулардың нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары негізінде                    2 мемлекеттік қызметшіге қатысты қолданылған тәртіптік жазаларының күші жойылды, сәйкесінше олардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Нақтырақ айтқанда, жүргізілген талдаулардың барысында Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары М.М.Орымбаевқа ауыл әкімінің өкімімен қолданылған «ескерту» түріндегі жазаға қатысты зерделеу жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары бұзылғандығы анықталды.

Аталған мәселе, 2023 жылдың 27 қазанында кеңес отырысында қаралып, оның нәтижесі бойынша Б.Момышұлы ауылының әкіміне М.М.Орымбаевқа тәртіптік жаза қолдану туралы актінің күшін жою арқылы оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру ұсынылған.

Нәтижесінде, М.М.Орымбаевқа қатысты 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №279-ө өкімімен  қолданылған «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаның күші жойылып, мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілген.

Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

 

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
26.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 193
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 189
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 156
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 520
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 473

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9176
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8574
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11802
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9572
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10782