МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС

Бүгінгі күні мемлекет тарапынан қызмет алушылардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына басымдық берілген.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен халыққа сапалы қызмет көрсету, қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету процесстерін жетілдіру, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы Агенттікпен қызмет алушылардың арыз-шағымдарына дер кезінде әрекет етіп тиісті шаралар қабылдау мақсатында «EgovKzBot» платформасы іске қосылған болатын.

Аталған платформаға Тараз қаласында орналасқан жеке медициналық орталықтың басшысы медициналық қызметке берілген лицензия қосымшасын алуға жолдаған өтініміне қызмет көрсетуші құзырлы орган тарапынан қызмет көрсетудің нәтижесі жеке кабинетіне жолданбағандығын көрсетіп, шағымданған.

Департаменттің ықпал етуінің нәтижесінде орын алған техникалық ақаулар жойылды және қызмет көрсетудің нәтижесі беріліп, азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтары бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласуға болады.

Өтініштер «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы беріледі.

 

Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
26.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 533
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 534
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 563

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13621
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13592
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28710
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27380
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30894