Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты нышаны

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің басты нышаны

 

   Мемлекеттік рәміздер тек елдің егемендігін, тәуелсіздігін айқындап қана қоймай, ұлттың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Біздің ұлттық санамыздың ажырамас бөлігі- Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны. Иә, олар әрбір еліміздің азаматы  үшін мән-маңызы ерекше. Рәміздерге деген құрмет, оның таза әрі дұрыс орналастырылуы – Меніңше мемлекеттің болашағына деген жауапкершіліктің бір көрінісі ол - рәміздерге деген құрмет, оның таза әрі дұрыс орналастырылуын қадағалау. Мемлекеттік рәміздер халықтың рухын көтеріп, бірлігін нығайтудың  басты құралдардың бірі мемлекеттік рәміздер болып табылады.

  Халқымыздың ұлттық болмысын, рухын, мәдениетін  мемлекеттік рәміздер шынайы көрсетеді.  Мемлекеттік Ту – тәуелсіздіктің символы десек, Елтаңба – халқымыздың мәдени және тарихи  мұрасын білдіреді. Сондай-ақ елдің рухын көтеретін асқақ туынды ретінде Әнұранды көреміз.  Халқымыздың бірлігі мен мемлекеттілігін айқындайтын қастерлі белгілер осы Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны. Әрбір азамат еліне, оның тарихына және болашағына деген адалдығын көрсеткісі келсе оларды құрметтеп, ұқыпты қарау керек.

  «Қасиетті нышандарымызда қазақтың мың жылдық арман-тілегі, мақсат-мұраты түгел тоғысқан. Ту халқымыз үшін қашанда ерлік пен елдіктің символы саналған. Көк түріктер заманында бабаларымыз бөрілі байрақтың төңірегіне топтасты. Қазақ хандығының туы бүкіл ұлтты ұйыстырды, ел бірлігін бекемдеді. Ал, өткен ғасырда арыстарымыз «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп халыққа жігер берді.   Көне дәуірден мирас болған осы дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге жетті.   Қазақ елінің көгінде Ұлы даланың айбынын асырған Тәуелсіздік туы желбіреді. Көк байрағымыз – мызғымас мемлекеттіліктің белгісі. Елтаңбамыз – азаттықтың айшықты көрінісі. Ал, Әнұранымыз – еркіндік пен елдіктің үні. Тәуелсіздіктің осы үш символы халқымызға ерекше рух береді. Әрқайсымыздың кеудемізге мақтаныш ұялатады. Өйткені, бұл – бабаларымыздың орындалған арманы», – деп президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып кеткен еді.

  Әр қазақстандық  рәміздерді құрметтеп, олардың мән-мағынасын ұғына білсе  ұлттық құндылықтарды насихаттап, мемлекет алдындағы азаматтық парызын орындаумен тең болады. Бізде мемлекеттік рәміздерге немқұрайлы қарау немесе оларды қорлаған жан қоғамдағы жалпы этикалық нормаларға қайшы іс-әрекет жасаған болып саналып, заң арқылы қудаланады. Сондықтан мемлекеттік рәміздерге ұқыпты қарау – әрбір азаматтың патриоттық парызы деп есептейміз. Осыған орай 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының рәміздері ресми түрде бекітілген болатын. Біз мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді тек ресми іс-шараларда, жарыстарда, жиындарда ғана емес, күнделікті өмірде де жалғастыруымыз қажет.

   Сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда, оқу орындарында рәміздерді дұрыс көрсетіп, олардың тазалығын сақтау  әрбір адамның міндеті деп білеміз. Осыған орай жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру  үшін мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын  түсіндіріп отырған дұрыс. Сондай-ақ білім беру орындарында, жиындарда,  әлеуметтік желілерде, мәдени шараларда рәміздер туралы ақпараттарды көптеп бере беру керек.                                                                                                                               

                                                                                                                      

                                                                                                                                           

Шаргүл Қасымханқызы
20.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29826
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29384
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46609
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42180
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46958