МЕРКІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

МЕРКІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКТІ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Талдыбұлақ ауылында көпбалалы жас отбасыға үй берілді.
🔹Әбдіқұл Нұрболат пен Эльмира Мамбетова 5 баланы өсіріп отырған жас отбасы. Биылғы жылы асарлатып соғылған төрт бөлмелі үйді ауыл ақсақалдары бастаған жергілікті қауымдастық дәл осы отбасыға беруді шешіпті.
✅Тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған үймен қамтылған жас отбасы дән риза. Ауызбіршілік танытып, қолдау көрсеткен ауыл жұртына, демеушілік жасаған барша ағайынға алғыстарын білдіруде.
🖇Үйдің салтанатты ашылу шарасына аудан әкімі Жорабек Баубеков бастаған ауданның зиялы қауым өкілдері қатысып, ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытқан ауыл жұртына алғыстарын білдірсе, баспанаға қолдау көрсеткен азаматтар ауыл әкімшілігі тарапынан марапатталды.
🔊Баспананың салынуына Талдыбұлақ ауылының барша тұрғыны біркісідей ауызбіршілікпен атсалысқан.
⏳Осылайша, қарапайым азаматтардың қолұшы көмегінен бастап, қалталы кәсіпкерлер мен жомарт жандардың қаржылай қолдауы арқасында халқымыздың асарлатып үй салу ізгі дәстүрі тағы да жаңғырды.
▪️Еске сала кетейік, Меркі ауданында биыл 5 үй мен 2 асхана асарлатып салынса, тағы 1 үй мен 1 асхана жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
 
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 574
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 456

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29261
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28814
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46082
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46395