Михаил Шайдоров Миланда: Қазақстан Олимпиада қысына аяқ басты!

Михаил Шайдоров Миланда: Қазақстан Олимпиада қысына аяқ басты!

Бұл күндері Милан әлемдік спорт шоғырланған нүктеге айналды. Миланға Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғап, көпжылдық қажырлы еңбек, жеңіс және ішкі ұстанымы арқылы келген  бағдарласымен мұз айдынына шығатын мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров келді. Олимпиада Миланы – спорттық өмірбаяны төрешілер алдына шыққанша талай қиындықты еңсерген жер. Михаил Шайдоровтың та спорттағы мансабы лезде дамымады; оның спорттық жолы күнделікті тәжірибесімен, техникасын ұштауы, сындарлы шешімі және өз стилін іздеу арқылы қалыптасты. Күрделі элементтердегі тұрақтылықты сақтау жолындағы күресі мен қалпына келу кезеңі – осының бәрі оның кәсіби өсуінің бір бөлігіне айналды, сондықтан бүгінгі Олимпиада Михаил үшін ұзақ қашықтықтың табиғи қорытындысы саналады.

Миландағы Олимпиада ойындарына дайындық барынша ой жинақтау тәртібіне бағынған. Соңғы апталардағы жаттығу барысы төзімділік пен бағдарламаның сапалы орындалуына ден қоя отырып, толық жарыс жүктемесімен орындауға бағытталды. Жарыс режимінде бағдарламаларды өткізуге ерекше назар аударылады. Жаттығу сырғуды, ырғақты және байланыстырушы элементтерді – өнер көрсетудің тұтастығын қалыптастырып, элементтеріне тікелей әсер ететін толыққанды сырғанауды қамтиды. Олимпиада ойындары тек физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар ішкі тепе-теңдікке де сынақ. Аса қауырт жағдайда зейін қойып, сабырлылықты сақтау өте маңызды.

Михаил Шайдоровтың Италияға келуі спортшының соңғы кезеңге өтіп, Олимпиада мұз айдынына бейімделуінің белгісі. Шайдоровтың Олимпиада мұз айдынына шығуы – Қазақстанның әлемдік мәнерлеп сырғанау додасына қатысуының жалғасы. Бұл жүйелі жұмыстың, ұзақ мерзімді жаттығуға деген сенімнің және ел спортшыларының ең жоғары деңгейде бәсекеге түсе алуының нышаны. 

Жаттығу легі кезінде мәнерлеп сырғанаушы секірудің толық жиынтығын – үштік тулуп пен сальхов, үштік флип, үштік лутц пен екі реттік аксель кешенін, сондай-ақ үштік аксель-ойлер (жеке)– үштік сальхов сияқты күрделі кешенді қамтыған бірнеше үштік аксель сияқты секірудің барлық жиынтығын орындай алды. Бағдарламаның негізгі элементі саналатын аксельдің тұрақтылығына ерекше назар аударылды. Мұндай қайталау және бақылау арқылы орындау тәсілі тек өнер көрсету емес, психологиялық тұрақтылықты да қажет ететін ірі жарыстарға дайындыққа тән құбылыс. Жаттығу барысы орындаудан жалпы әсерді қалыптастырып, құрамында шешуші рөл атқаратын сырғанау мен байланыстырушы элементтерді жетілдіруде аса маңызды.

Миландағы жаттығу күндері Олимпиада жарысына дайындықтың толық қарқынмен жүріп жатқанын растады: бағдарлама біртұтас құрылымға жинақталып, секіруден бастап сырғанауға дейінгі әрбір элемент қойылымның жалпы драматургиясында өз орнын иеледі. Жаттықтырушы және Олимпиада чемпионы Алексей Урмановпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүріп, оның мұқият басшылығымен бағдарламалардың соңғы конфигурациясы әзірленіп, сырғанаудың негізгі тұстары жетілдірілуде.

Бұл кезеңде тағы бір маңызды көмек – Бас демеуші «Алтыналмастың» қолдауы, демеушінің арқасында  жаттығуға тұрақты жағдай жасалып, спорттық нәтижеге зейін қою мүмкіндігі берілді. Спорт сарапшылары Михаил Шайдоровты ерлер арасындағы жекелей сырғанауда жоғары орын алатын спортшылардың бірі деп бағалайды. Ол әлемдегі ең мықты мәнерлеп сырғанаушылар қатарына кіреді және ISU халықаралық рейтингінде жоғары орында тұр. 

10.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23282
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23006
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39109
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36532
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40641