МОБИЛЬДІ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА…

МОБИЛЬДІ КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА…
 0 

🔰 Бүгін «АMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен құрылған Мобильді қоғамдық қабылдау өз жұмысын Байзақ ауданында жалғастырды. Партия филиалдарының басшылары, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының және жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құралған мобильді топ ауданның Темірбек және Көктал ауылдық округтеріндегі тұрғындардың өтініш, шағым және талап-тілектерін тыңдап, өз бақылауларына алып қайтты.
🔰 Темірбек ауылдық округіндегі ауыл тұрғындарының негізгі өтініштері: Тегістік ауылындағы Ә.Жанкулиев орта мектебіне күрделі жөндеу, жаңадан медициналық амбулатория және мәдениет үйін салу, Шахан ауылына ауыз су жүйесін кіргізу, көшелерін жарықтандыру, спорт алаңшасын салу болса, Ал, Сарыбарақ ауылына мектеп және балабақша салу, ауыз су тарту, көше жарығын орнату және т.б. мәселер төңірегінде болды.
🔰 Көктал ауылдық округінде тұрғындар ауылдағы құрылысы тоқтап тұрған мектеп құрылысын қайта жандандыру, қайтарымсыз грант алу жолдары, ауыл көшелерін жарықтандыру, ауыл мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, ауыз сумен қамтамасыз ету, егін суының жетіспеушілігі, сондай-ақ, жер мен үй құжаттарын реттеу және т.б. мәселелер жөнінде қайырылды.
🔰 Мобильді қоғамдық қабылдаудың өкілдері Байзақ ауданы ауылдық округтерінен 25 азаматтың өтінішін тыңдап, біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партия өз бақылауына алды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.

Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық маслихатының депутаты
27.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 84
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9204
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8601
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11828
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9598
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10811