Мобильді топ тұрғындарды қабылдайды

Мобильді топ тұрғындарды қабылдайды

Жамбыл облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік»

жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды. Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңес беру, қабылдаулар өткізу. Топ құрамына анықталған әлеуметтік мәселелерін шешуге жауапты облыстық мемлекеттік органдардың өкілдері, заңгер, адвокат, сот орындаушы, нотариус, мәслихат депутаттары, «Amanat» партиясы, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі, облыстық қоғамдық кеңес және ҮЕҰ төрағалары кірген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» көшпелі кеңес беру алаңы 11 сәуір күні Байзақ ауданы Қостөбе ауылынан өз жұмысын бастады. Қоғамдық қабылдауға келген 50 - ге жуық азамат тұрмыстық мәселе көтерді.  Кездесу барысында ауыл азаматтары қаңғыбас иттерді аулау, ауыз су мәселесі, кәмілет жасқа толмаған балаларға жәрдемақы алу сауалдарын көтерді.  Мәселен, “Ауыл аманаты” жобасы аясында Диқан ауылынан келген Р.Мырзабеков шағын бизнесін жүргізу үшін қажетті мәлімет алды.  ҚР сыбайлас жемқорыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровқа ауданда қоғамдық уақытша жұмысшы ретінде тіркелген азамат жұмыс барысында тап болған кедергілер бойынша шағымын жеткізді. Сондай-ақ, сот орындаушылардың қызметіне наразы. Осы тұста департамент басшысының бірінші орынбасары шағымдарды негізге алатындығын жеткізді. “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы іс шараның маңыздылығын атап өтіп, келуші әр азаматтың сауалы кері байланыс орнату арқылы назарда болатындығын жеткізді.

Айта кету керек, жоба Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру" атты мемлекеттік - әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылады.

Алдағы уақытта қалған 8 аудан және Тараз қаласында жоба жалғасатын болады.

11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3956
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4141
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19075
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17747
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21176